«О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтарындағы 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб аудан экімінің орынбасары А.А.Манадыров басшылық етуімен құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ауданның аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындалу бойынша тіркелген шаралар жоспары бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Ерейментау қаласы, ауылдық округ және ауыл әкімдеріне, төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы (Т.А.Әбдин), аудандық ауыл шаруашылық бөлімі (С.Қ. Сейітқанов) және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды камтамасыз ететін су тасқыны қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 3
3) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбаны жасайтын (түзететін) болсын;
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, авариядан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған техникалар үшін және басқадай материалдық - техникалық құралдарын зардап шеккен халықты және төтенше жағдайларды жоюға тартылған күштерінің және құралдарының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті жанар - жағармай материалдарының қорын жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауіп және төтенше жағдайларды туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақ жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Ерейментау қаласы ауылдық округ және ауыл әкімдеріне ведомстволық қарасты аумақтарда тасқын суға қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезінде төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын жасауды қарастырсын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен қаражатты анықтасын. Штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Ерейментау ауданының қаржы бөліміне (А.Қ.Хасенов) аудан әкімдігі резервінен Ерейментау кала және Өлеңті ауылдық округ әкімі аппаратына мемлекеттік мекемелеріне су тасқынына қарсы шараларды өткізу үшін үш жүз мың теңге сомасында ақшалай қаржы бөлінсін.
Тармақ 6
6. Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын 2006 жылғы 10 сәуіріне дейін аяқтасын.
Тармақ 7
7. 2005 жылдың 29 сәуірдегі «2005 жылғы көктемге су тасқынына қарсы шаралар туралы» № а-4/141, Ерейментау ауданының әділет Басқармасында 2005 жылдың 13 мамырда тіркелген № 1-9-8, № 58-59 аудандық «Ереймен - Ерейментау» газетінде 2005 жылдың 21 мамырында жарияланған қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Нақты қаулы Ерейментау ауданының әділет Басқармасында тіркеуден кейін күшіне енеді және ресми түрде жариялауға жатады.
Тармақ 9
9. Нақты қаулының іс-әрекеті 2006 жылдың 1 наурызынан бастап таралады.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары А.А.Манадыровқа жүктелсін.
Басқа 18. Штаб мүшелері:
Қосымша 1 Ерейментау аудандық әкімдігінің 2006 жылдың «15» наурыз №а-3/58 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы Алик Аманжолұлы Манадыров - аудан әкімінің орынсабары, штабтың бастығы Төлеген Ажыбайұлы Әбдин - төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелері: Сәрсенбай Серікұлы Ақылтаевич - аудандық телекоммуникация торабыньң директоры (келісім бойынша) Ербол Қажыбекұлы Әубәкіров – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Сайлау Қатайұлы Сейітқанов - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Темірболат Бабақұмарұлы Тағаев - Ерейментау аудандық төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Бахытжан Мырзағалиүлы Мейірманов – аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша) Амантай Қабыкенұлы Хасенов - Ерейментау аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы Смағұл Әменұлы Жұматаев - Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Ерейментау ауданы бойынша бөлімінің бастығы ( келісім бойынша) Юрий Никифорович Спижевой - Ерейментау аудандық электр жүйесі жабық акционерлік коғамының бастығы (келісім бойынша) Байтұрсын Хамидуллаұлы Сәкенбаев - Ерейментау ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық баскармасының уәкілді инспекторы (келісім бойынша) Алексей Иванович Захаров - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бастығы Николай Алексеевич Кравченко - «Қалалы коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жұмысына кұқық алған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Вячеслав Леонидович Гусев - өндірістік - жол бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) Бақытжан Көшербайұлы Тоқушев - Ерейментау станциясының бастығы (келісім бойынша)
Басқа 19
Қосымша 2 Ерейментау аудандық әкімдігінің 2006 жылдың «15» наурыз № а-3/58 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Ерейментау ауданы аумағында 2006 жылдың көктем кезеніңде су тасқынын апатсыз өткізу және дайындау бойынша шаралар ЖОСПАРЫ № п/п Шаралар атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1. Ауданда және Ерейментау қаласында, селолық округтерінде су тасқынына қарсы штабтар құрылсын, ауданның тұрғын үйлерді, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолданылсын, аудан халқының және объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдай қамтамасыз етілсін. 2006 жылдың 5 сәуіріне дейін Аудан және Ерейментау қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кету және су астында қалудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары әзірленсін. 2006 жылдың 5 сәуіріне дейін Ұйым басшылары, төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, ауыл және ауылдық округ әкімдері 3. Көктемгі кезеңде жолдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар және көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілсін. Жолдың жамылғы түрлеріне байланысты аудандық автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысы шектелсін, ескерту белгілері орнатылсын су тасқынының барлық кезеңінде Өндіріс жол бөлімшесі, жол - жолмен пайдалану бөлімшесі, аудандық ішкі істер бөлімінің, жол полициясы (келісім бойынша) 4. Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және төтенше жағдайлар аумағынан көшіру мүмкіндігі үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындағы қамтамасыз етілсін, оларды көшіретін жерлер дайындалсын. 2006 жылдың 10 сәуіріне дейін Ерейментау қаласы, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері 5. Теміржол құрылыстарының, дренаж құрылғысының жайы тексерілсін. Теміржолдардағы, көлік жолдарындағы қарды, мұзды тазалау, су өткізетін тетіктерді тазарту (көпір және жүріп өту көпірлері жүргізілсін). 2006 жылдың 10 сәуіріне дейін Ерейментау станциясы, №18 темір жол бөлімшесі, №8 темір жол машина станциясы, бау бөлімшесі (келісім бойынша), 6. Алдын алу шаралары өткізілсін және астық қоймаларындағы астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтау қамтамасыз етілсін. 2006 жылдың 10 сәуіріне Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі,астық қабылдау пунктерінің басшылары, ҚР ауыл шаруашылық Министрлігі аудандық аумақтық басқармасы 7 Ерейментау қаласының «Шымбұлақ» бөгетін және Сілеті су қоймаларының техникалық жағдайлары тексеру жүргізілсін.Мұкият тексеруден өткізілсін. Олардың су өткізу тетіктерінің даярлығы мен дайындық дәрежесі анақталсын. Тоғандардың беріктігін күшейту үшін жөндеу - қалпына келтіру, көтергіш механизмдерін және басқаларын жұмыс жағдайына келтіру жұмыстары жүргізілсін су тасқыны кезеңінде су қоймаларында, авария бригадаларының автокөлікпен тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылсын. Су қоймаларын күзету маманданған күзетшілер бөлімшелері мен қамтамасыз етілсін. Су жүйелерін тәулік бойы күзету ұйымдастырылсын. Су қоймаларында, су көтерілуін, су түсуін тәулік сайын тіркеу жүргізілсін және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығына күн сайын ақпарат тапсырып отырсын. 2006 жылдың 5 сәуіріне дейін Аудандық су тасқынына қарсы штаб 8. Су тасқыны өткен кезде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердегі емдеу мекемелерінде дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасау қамтасамыз етілсін. Су тасқыны кезеңінде аудан аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау аудан аймағында күшейтілсін. Су тасқынының барлық кезеңінде аудандық денсаулық сақтау бөлімі, Ерейментау ауданы мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы 9. Елді мекендермен, аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектілермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысы қамтамасыз етілсін. Қызмет көрсетілетін және кызмет көрсетілмейтін күшейткіш пунктерді қорғау қамтамасыз етілсін. Су тасқынының барлық кезеңінде Аудандық телекоммуникация торабы (келісім бойынша) 10. Ауданның ауылдарына және қалаға сенімді электр қуатын үзіліссіз және сенімді беріп тұру қамтамасыз етілсін, электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғауды жүргізетін болсын. Су тасқынының барлық кезеңінде Аудандык электр жүйелері, № 23 коммутация электр бөлімшесі (келісім бойынша) 11 Еңбек, Елтай, Жарық, Балықты, Ажы, Бестоғай елді мекендерді дәрі-дәрмекпен, азық- түлікпен, тұйық отын қорымен уақытында қамтамасыз етілсін. Су тасқынының барлық кезеңінде «Қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі», аудандык орталық ауруханасы 12. Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылау және жалпы үйлестіру қамтамасыз етілсін. Төтенше жағдайларды Заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік тұріне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстар жұмылдырылсын. Аудан тұрғындарын жергілікті радио және баспасөз бойынша су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабарлап отыратын болсын. Су тасқынының барлық кезеңінде Штаб, төтенше жағдайлар қызметі