О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № А-2/69 «2006 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына карсы іс-шаралар туралы» қаулысына сәйкес, әділет Департаментінде 2006 жылғы 9 наурыздағы № 3181 тіркелген, тасқын суын ұйымдасқан түрде және апатсыз өткізу, болуы мүмкін су тасуына жол бермеу, тұрғындарды, шаруашылықтық кешен объектілерін, коммуникация желісін және ауыл шаруашылығы алқаптарын көктемгі су тасқынының жағымсыз салдарынан тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық су тасқынына қарсы штаб құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтерінің әкімдері, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық-Сервис» (Гальт Э.Э.) «Бурабай-Су» (Лебедько С.С.) МКК директорлары, «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бастығы (Хаметов С.Ш.), «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бастығы (Струев П.Ф.) және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан су тасқынына қарсы іс-шараларды орындауға дайындалуды бастасын.
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су жібергіш имараттарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) ауданның барлық шаруашылық саласының және халықтың қалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына карсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың қимылын және зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдарының қажетті резерві жасалсын.
Тармақша 4
4) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, апаттан-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 5
5) су басу және су жайылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары және орталықтандырылған хабарландырудың техникалық құралдары арқылы халықтың іс-қимыл жасауы бойынша шаралар кешенін ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 6
6) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындасын (анықтасын);
Тармақша 7
7) бөгендерді, бөгетшелерді, бөгеттерді және тоғандар-жинағыштарды дайындасын, тазарту имараттарының ақаба судың сүзілуін, канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік нысанына қарамастан осы қаулының 2 косымшасына сәйкес аудандық су тасқынына қарсы штабтың басшылығына дайындық шараларының аяқталғаны туралы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 5
5. Қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.А.Паницкийге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне ененді.
Басқа 15. Аудандық су тасқынына қарсы күрес штабтың ҚҰРАМЫ
Щучье ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № 9-3/135 қаулысына 1 қосымша Аудандық су тасқынына қарсы күрес штабтың ҚҰРАМЫ Паницкий Виктор Александрович - аудан әкімінің орынбасары, штаб бастығы Жалмағамбетов Ризабек Неғамеджанұлы - ТЖ және АҚ бойынша бас маман, штаб хатшысы Әшімянов Қойбағар Жүсіпұлы - Щучинск қаласының әкімі Баймурзин Болат Рамазанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Хаметов Сабырғали Шәкуұлы – «Щучье ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы Куликов Анатолий Федорович – «Бурабай» біріккен телекоммуникация торабының директоры (келісім бойынша) Гальт Эрвин Эрвинович – ШЖҚ «Тазалық-Сервис» ММК-нің директоры Боргер Анатолий Карлович – «Көкшетауэнерго» ЖШС-ның «Восточный МЭС» филиалынын директоры (келісім бойынша) Бекетаев Ізбасар Ғұмарұлы – қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы (келісім бойынша) Струев Петр Федорович – «Щучье ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы Жолдаспаев Сералы Ислямұлы - Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің Щучье ауданы бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Жанов Кенел Қалиасқарұлы - Щучье орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша) Маланин Владимир Иванович - аудандық су-құтқару қызметінің бастығы (келісім бойынша) Лебедько Сергей Сергеевич - ШЖҚ «Бурабай-Су» МКК-нің бастығы Потанин Владислав Михайлович – «Щучье ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ- нің бастығы
Басқа 16. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары
Щучье ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № а-3/135 қаулысына 2 қосымша Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары № Іс - шараның атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1 Су тасқынына қарсы күресу штабы, тұрғын үйлерді, шаруашылық жүргізу объектілерін су басуының алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қолдансын, ауданның тұрғындарының және шаруашылық жүргізу объектілерінің бір қалыпты тіршілік әрекеті үшін жағдай жасасын. 1.04.2006 ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері 2 Төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау. 1.04.2006 ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері, АҚ және ТЖ бойынша бас маман, қызметтердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) 3 Жол техникаларының тасқын кезеңіндегі тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жаттықтыру. Жол жабылымының түрі мен конструкциясына қарай автокөліктің барлық түрлері үшін аудан автожолдарында рұқсат етілуі мүмкін салмақ шегіне, қозғалыс жылдамдығына, қарқындық дәрежесіне шек қою. 1,04.2006 ж. дейін Жол полициясы бөлімі (келісім бойынша) 4 Автожолдардың көктемгі кезеңде тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу, суөткізу (арықтар, жыралар) құрылымдарын (құбырлар, көпірлер) тазарту. Жанар-жағар май материалдарының және басқа да қажетті құралдардың (құрылыс материалдары, тас, қиыршықтас, құм, қаптар) қорын құру. Тасқынның барлық кезеңінде Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері, жол кәсіпорындары, аудандық қала құрылысы бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) 5 Жолдардағы жағдайды айқындау және бағалау, қауіп немесе төтенше жағдай туындағанда уакытша шектеу немесе автокөлік қозғалысына тиым салу, автожолдардың өте қауіпті учаскелерінде қосымша ескерту белгілерін қою және ақпаратты аудандық су тасқынына қарсы күресу штабы мен облыстық ТЖ басқармасының басшылығына жеткізу туралы шешім қабылдау. 1.04.2006 ж. дейін Жол полициясы бөлімі (келісім бойынша) 6 Болуы мүмкін, тұрғындарды, ауыл шаруашылығы малдарын, материалдық құнды заттарды қауіпті аймақтардан және ТЖ аймағынан көшіруді ұйымдастыру үшін автотасымал техникаларының, жүзу ққралдарының дайындығын, оларды көшіріп әкелу орындарын дайындауды қамтамасыз ету. 23.03.2006 ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері, аудандық суда құтқару қызметі, «Трансавто БК», ЖШС (келісім бойынша), «РОСТ» ЖШС (келісім бойынша) 7 Тасқын кезеңінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін кажетті материалдык-техникалық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техникалардың қорын айқындау. Тасқынның барлық кезеңінде Аудан әкімдігі 8 Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері су қоймаларында кезекшілікті ұйымдастырсын және әр тәулік сайын аудандық су тасқынына қарсы күресу штабына су қоймаларының суға толуы және бөгеттердің жағдайы туралы ақпарат беріп тұрсын. Таскынның барлық кезеңінде Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 9 Озерное селосының, Климов селолық округінің, Веденов селолық округінің бөгеттерінің техникалық жағдайын тасқын суларын өткізуге олардың дайындығы дәрежесін айқындауға тексеруді жүргізу. Қажет болған жағдайда бөгеттерді күшейту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. 23.03.2006 ж. дейін Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері, су тасқынына қарсы күресу штабы 10 Жем-шөптерді тасқын кезеңінде астық қоймаларында су басудан, су алудан сақтауды қамтамасыз ету бойынша ескерту шараларын жүргізсін. Мал және қойма жайларын, астық қоймаларын қардан уақытында тазартуды қамтамасыз ету. Тасқынның барлық кезеңінде Ауыл шаруашылығы бөлімі, фермерлік және шаруа қожалықтары (келісім бойынша) 11 Су басуына және оның қоршауына қалуы мүмкін елді мекендерде су сору техникаларының және де су басу аумағына кіретін тұрғындарды шұғыл көшіру үшін жүзу құралдарының қажетті санын дайындауды жүргізу. 1.04.2006 ж. дейін Щучинск қаласының, Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 12 Арчалы, Қылшақты көлдерінде су тасқыны кезеңінде және ол басталғанға дейін су режиміне тұрақты бақылау жүргізу, оларда су деңгейінің көтерілуін және ағып келуін тәулік сайын тіркеу. Су тасқынның барлық кезеңінде Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 13 Елді мекендермен, әсіресе су басып кететін мекендерді, аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектілермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерді байланыс жүйелерін тасқын су басып кетуінен қорғау бойынша шаралар қолдану. Су тасқынының барлық кезеңінде «Бурабай» телекоммуникациясы торабы аудандық бөлімшесінің директоры (келісім бойынша) 14 Сенімді электр қуатын үзіліссіз және тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету, электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғау. Су тасқынының барлық кезеңінде «Восток-энерго ЛТД» ЖШС-ы (келісім бойынша) 15 Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру. Тұрғындарға баспасөз арқылы су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабардар етіп отыру. Су тасқынының барлық кезеңінде Су тасқынына қарсы штаб, аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) 16 Су тасқыны кезінде су астында калған, суға шайылған елді мекендерді емдеу мекемелерінде қажетті дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасауды қамтамасыз ету. Су тасқыны кезеңінде аумақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту. Су тасқынының барлық кезеңінде Щучье аудандық ауруханасы (келісім бойынша), Щучье ауданы бойынша Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау департаменті (келісім бойынша)