О проведении трехмесячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов Зерендинского района в 2006 году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалаудың үш айлығын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, елді мекендерде тазалық пен тиісті санитарлық тәртіп орнату мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында 2006 жылдың 3 сәуірінен 3 шілдеге дейін елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалаудың үш айлығы жарияланған.
Тармақ 2
2. Селолық елді мекендерді абаттандыру жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша 1)
Тармақ 3
3. Үш айлықты ұйымдасқан түрде және әсерлі өткізу бойынша аудандық комиссия құрылсын (қосымша 2)
Тармақ 4
4. Селолық округ және кент әкімдері аумақтық округтердің елді мекендерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін, апта сайын бейсенбі күні Зеренді аудандық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ақпарат беріліп отырсын.
Тармақ 5
5. Сәулет және қала құрылысы бөлімі (В.М.Петрова) апта сайын жұма күні Ақмола облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне ақпарат ұсынып отырсын.
Тармақ 6
6. Әділет басқармасында 2005 жылғы 11 сәуірде № 1-14-1 тіркелген Зеренді ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 103 «2005 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалаудың үш айлығын өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Зеренді аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Дүйсеновқа жүктелсін.
Басқа 9. Селолық елді мекендерді абаттандыру жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Қосымша 1 Бекітілді Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «23» 03 № 89 «2006 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалаудың үш айлығын өткізу туралы» қаулысымен Селолық елді мекендерді абаттандыру жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар 1 Елді мекендердің аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі шараларды әзірлеп, бекіту. 2006 жылдың 30 наурызына дейін Селолық округ және кент әкімдері 2 Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша тұрғындар арасында жиналыстар өткізу. Көшелер, парктер, тынымбақтардың және т.б. санитарлық жағдайына жауаптыларды бекіту. Барлық кезеңге Селолық округ және кент әкімдері «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» 3 Аудан елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және сәулеттік ресімдеу жөніндегі негізгі жұмыстардың тізбесін, олардың орындалу мерзімдері мен нысандарын белгілеу. 2006 жылдың 5 сәуіріне дейін «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» 4 Елді мекендердің көшелерін, жолдарын грейдерлеуге, жөндеуге байланысты жұмыстардың көлемі мен тізбесін анықтау, оларды қаржыландыру. 2006 жылдың 10 сәуіріне дейін «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» 5 Ағаштарды, бұталарды отырғызу, оларды түбірлеу, гүлзар және көгал орнату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Елді мекендер айналасында және су объектілерінің жағаларында жасыл аймақтар құру. 2006 жылдың сәуір-мамыры Селолық округ және кент әкімдері, мектеп директорлары, қоршаған ортаны қорғау инспекциясы (келісім бойынша) 6 Қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің, тұрғын үй құрылыстарының қас беттеріне жөндеу жүргізу, автобус аялдамаларын және оларға жақын орналасқан аумақтарды жайластыру. 2006 жылдың сәуір-маусымы Селолық округ және кент әкімдері, ұйымдар мен кэсіпорындардың жетекшілері (келісім бойынша) 7 Жарнамалық, үгіттеу маңдайшаларын, қалқандарды, биллбордтарды және панноларды жаңарту. Селолық округ және кент әкімдері, ұйымдар мен кәсіпорындардың жетекшілері (келісім бойынша) 8 Ауданның елді мекендерінде балалар алаңдарының, спорт алаңдарының жөндеуін, жайғастырылуын ұйымдастыру. 2006 жылдың мамыр-маусымы Селолық округ және кент әкімдері, мектеп директорлары (келісім бойынша) 9 Аудан елді мекендерінің көшелерін, алаңдарын жарықтандыруға байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу. 2006 жылдың мамыр-маусымы Селолық округ және кент әкімдері, жол ұйымдары (келісім бойынша) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 10 Жол бойындағы сервис нысандарының жағдайын сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес келтіру. 2006 жылдың мамыр-маусымы сәулет және қала құрылысы бөлімі Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бөлімі (келісім бойынша). 11 Сауда орындарын, қоқыс полигондарын, шаруашылық секторын, мал қорымдарын санитарлық талапқа сәйкестендіру. 2006 жылдың сәуір-маусымы Селолық округ және кент әкімдері, қоршаған ортаны қорғау инспекциясы (келісім бойынша), Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 12 Елді мекендердегі ескерткіштерді, обелисктерді, алаңдарды, азаматтардың демалыс орындарын ұйымдастырылған түрде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу. 2006 жылдың сәуір-мамыры Селолық округ және кент әкімдері 13 Барлық жерде «Таза бейсенбі» өткізуді енгізу Жазғы кезеңде Селолық округ және кент әкімдері 14 Шаруашылық субъектілер жетекшілерімен және жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып елді мекендердегі моншаларды, жуыну орындарының санын санитарлық нормаларға сай келтіру жөніндегі іс шаралар жоспарын әзірлеу 2006 жылдың сәуір-маусымы Селолық округ және кент әкімдері 15 Су құбырлары мен құрылыстардың тиістілігін, оларды күту және пайдалану бойынша, бекітілген жауапты тұлғалармен заңды ресімдеуді аяқтау 2006 жылдың 1 маусымына дейін Селолық округ және кент әкімдері 16 Елді мекендердің көрсеткіштерін жаңарту 2006 жылдың сәуірі Селолық округ және кент әкімдері, ауылшаруашылық құрылымдардың жетекшілері (келісім бойынша) 17 Үш айлықты өткізудің барысы аудандық «Бірлік-Единство» газетінде жариялансын Үнемі Газет редакциясы (келісім бойынша)
Басқа 10. Үш айлықты ұйымдасқан түрде және әсерлі өткізу бойынша аудандық комиссия ҚҰРАМЫ
Қосымша 2 Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «23» 03 № 89 «2006 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалаудың үш айлығын өткізу туралы» қаулысымен Үш айлықты ұйымдасқан түрде және әсерлі өткізу бойынша аудандық комиссия ҚҰРАМЫ Лашынтай Жасқайратұлы Дүйсенов Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мейрамбек Сағымбекұлы Нұрхан Зеренді ауданы бойынша Ақмола облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық департаменті бөлімінің бастығы Петрова Валентина Михайловна Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Нүрым Ыбырайұлы Құсайынов Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков Зеренді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Бейбіт Әйтімұлы Жүсіпов Зеренді аудандық білім беру бөлімінің бастығы Банұржан Баянұлы Жанғалов Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Қуандықұлы Тасов Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы Сейілбек Әміржанүлы Кенжебаев Зеренді селолық округінің әкімі Серік Шахманұлы Баймырзин Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторы Қанат Қажығалиұлы Айтқожин Ауыл шаруашылығы министірлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасының бастығы Серік Жәзитұлы Жақиянов Жер қатынастары бөлімінің бастығы Соболев Владимир Кузьмич «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймақтық бөлімшесінің директоры Сағынай Ташенұлы Есімов «Зеренді-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Серік Ғазизұлы Ғазизов Құрылыс бөлімінің бастығы