О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы көктемгі кезенде су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына - және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңына сәйкес еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Покровка селосының әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Покровка селосының аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы комиссия құрылсын. (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Покровка селосының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін. (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылғы 1 наурызда шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 4
4. Атбасар ауданының әділет басқармасында 2005 жылы 5 мамырда № 1-5-3 тіркелген Покровка селосы әкімінің 2005 жылғы 10 сәуірдегі № 7 «2005 жылы көктемгі кезеңде су тасқынына қарсы шаралар туралы» шешімін күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Покровское-1» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
М. Мұстафин
«Ремонтник» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры А. Ведута
Басқа 6. Комиссия мүшелері:
Покровка селосы әкімінің
2006 ж. 13 наурыздағы № 7
шешімге № 1 қосымша
Покровка селосының су тасқынына қарсы комиссия ҚҰРАМЫ
Есипенко Петр Данилович Покровка селосының әкімі, комиссия төрағасы
Мустафин Муратбек Әбдіқапарулы «Покровское-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (алдағы - ЖШС) директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Соколов Владимир Васильевич «Покровское-1» ЖШС машина-трактор шеберханасының меңгерушісі (келісім бойынша).
Черняк Владимир Васильевич - «Покровское-1» ЖШС №1 бригаданың бригадирі (келісім бойынша)
Крупник Анатолий Петрович «Покровское-1» ЖШС мал шаруашылық бригадирі (келісім бойынша)
Ткач Елена Владимировна Покровка орта мектебінің директоры
Ақышева Жәмилә Викторовна Покровка селосының фельдшер-акушерлік пункт меңгерушісі.
Басқа 7
Покровка селосы әкімінің
2006 ж. 13 наурыздағы № 7
шешімге № 2 қосымша.
Покровка селосының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары.
1
2
3
4
№
Шаралар атауы
Өткізу уақыты
Орындаушы
1
Покровка көшесін тазалау, еріген кар суларының жолдарын ашу, кіре беріс жолдарын, селодағы көпір астарын тазалау.
01.04.2006ж дейін
«Покровское-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорының орынбасары Сидоренко Л.М. (алдағы - ЖШС) (келісім бойынша).
2
Тұрғын үйлер жанында еріген қар суларын жіберу үшін өзектерді қардан тазарту.
01.04. 2006ж дейін
Үй иелері.
3
Әлеуметтік сала объекттерін қардан тазарту /мектеп, клуб, кітапхана/.
01.04.2006ж дейін
Покровка орта мектеп директоры Ткач Е.В., селолық Мәдениет үйінің директоры Перегонцева И.В., селолық кітапхана меңгерушісі Кравченко Ю.В.
4
Мал шаруалық кешеніне, мал қораларына, шөп үйген жерлерге баратын грейдерді қардан тазарту.
01.04.2006ж дейін
«Покровское-1» ЖШС мал шаруашылығының бригадирі Крупник А.П. (келісім бойынша).
5
Астық қоймаларын, бригададағы ауыл шаруашылық техникаларын және машина ауласын қардан тазарту.
Су асқынына дейін
Бас агроном, № 1 бригада бригадирі, «Покровское- 1» ЖШС машина ауласының меңгерушісі Текенев Ж.К., Черняк В.В., Волков И.Д. (келісім бойынша)
6
Су тасқыны кезінде қажетті техникалар трактор т-4, трактор ДТ-75 (мехкүрек) болу.
Су тасқының барлық кезеңіңде
«Покровское-1» ЖШС бригадирі Черняк В.В. (келісім бойынша)
7
Покровка селосының оңтүстік жағында орналасқан тоған көпірінің сақталуын қамтамасыз ету.
Су тасқаның барлық кезеңінде
«Ремонтник» ЖШС директоры Ведута А.Д. (келісім бойынша)
8
Қоғамдық мал шаруашылығы үшін мал азығының артық қорын қамтамасыз ету.
01.04.2006ж дейін
«Покровское-1» ЖШС мал шаруашылық бригадирі Крупник А.В. (келісім бойынша)
9
Атбасар - қаласымен және Покровка селосының - аумағында телефон байланысының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Барлық кезеңде.
Аудандьщ телекоммуникация торабының радиотелефонисі Сәрсенбаев Е.А. (келісім бойынша).
10
Электр қуатының сенімді және үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету.
Барлық кезеңде.
Атбасар аудандық электр коммуникациясының механигі Глушко В.В. (келісім бойынша).