О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі N19 Заңының 13 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылықтың жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданының аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша қимылды басқару және үйлестіру үшін ауданы әкімінің орынбасары С.Л.Сергеевтің басшылығымен аудандық су тасқынына қарсы штаб құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Атбасар ауданының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Атбасар қаласының, село, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне және барлық мүдделі кәсіпорындардың, ұйымдардың және ауылшаруашылық құрылымдарының басшыларына:
Тармақша 1
1) еріген суды апатсыз өткізу, көлдердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу;
Тармақша 2
2) су қоймаларын, дамбылар мен бөгеттерді, су толтырғыш жылғаларды дайындасын, ағын суларды сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындасын (түзетулер енгізілсін);
Тармақша 5
5) көктемгі кезеңде қауіп және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақтар мен жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Атбасар ауданының қаржылар бөліміне (З.С.Корн) ағымдағы жылы су тасқынына қарсы шараларды, сонымен қатар аудан аумағында гидрометеорологиялық жағдайды болжау мониторингін ұйымдастыруды қаржыландыру үшін қажетті қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 5
5. Шараларды орындалуын 2006 жылдың 20 сәуірде аяқтау.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары - су тасқынына қарсы штаб бастығы С.Л.Сергеевке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 13
Атбасар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 09.03 № а-3/32
қаулысына қосымша 1
Аудандық су тасқынына қарсы штабтың ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Сергеев Сергей Леонидович - аудан әкімінің орынбасары, штабтың бастығы
Тармақ 2. Штаб мүшелері:
2. Тихоненко Александр Николаевич - Атбасар қаласының әкімі, штаб бастығының орынбасары
Штаб мүшелері:
Тармақ 3
3. Аужанова Сәлима Айтқұлқызы Атбасар аудандық емханасының бас дэрігері
Тармақ 4
4. Качановский Геннадий Михайлович - төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі
Тармақ 5
5. Корн Зинаида Сергеевна - «Атбасар ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Қамбатыров Бірлік Төлегенұлы - Атбасар ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау Ақмола аумақтық басқармасының өкілетті мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Кенжебаев Зәкіржан Зейнелдіүлы - «Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Тармақ 8
8. Адамов Қуат Ахметұлы - «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің м.а.
Тармақ 9
9. Әбілғазин Батырхан Жұмашұлы - 4-мамандандырылған өрт бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Жапаров Асқар Тұрлыбекұлы - Атбасар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Тұрманов Мырзағұл Ерғалиұлы - Атбасар қаласының қорғаныс істері жөнінде бірлескен бөлімнің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Стригун Николай Андреевич - «Атбасар ауданының ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Тармақ 13
13. Михель Юрий Эмануилович Атбасар аудандық сантариялық-эпидемиологиялық қадағалу Департаменті бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 14
14. Тұркашев Амангелді Қобланбекұлы- аудандық телекоммуникациялар торабының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 15
15. Рейх Валерий Иосифович- «Атбасар мұнай өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры (келісім бойынша)
Тармақ 16
16. Пригодин Василий Михайлович - Атбасар аудандық электр жүйесінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 17
17. Аканов Қажымұрат Өмірзақұлы - Жол-пайдалану учаскесі -3 бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 18
18. Мұратов Рауф Ғарифұлы - «Атбасар газы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры (келісім бойынша)
Тармақ 19
19. Шәріпов Талғат Рамазанұлы - «Жолаушылар тасымалдау» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бастығы
Тармақ 20
20. Федоров Вячеслав Андреевич - «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бастығы
Тармақ 21
21. Өтеуов Қайролла Айтмағамбетұлы - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Департаменті» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің бастығы
Тармақ 22
22. Сүлейменов Қайрат Ыдрысұлы - Атбасар станциясының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 23
23. Байғожин Асылбек - аудандық құтқару станциясының бастығы
Басқа 37
Атбасар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 09.03 № а-3/32
қаулысына қосымша 2
Атбасар ауданының аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ
№
Шаралар
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
1
Атбасар қаласында, село, ауылдық және селолық округтерде су тасқынына қарсы комиссиялар құру, төтенше жағдайларды ескерту бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау, тұрғын үйлерде, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолдану, аудан халқының және шаруашылық объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
10.04.2006ж. дейін
Қала, село, ауылдық және селолық округ әкімдері
2
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрамалары, авариядан қорғау қызметтері және күштері, жедел әрекет отрядтарын дайындыққа келтіру. Оларды жеке құраммен, керекті техникамен, құрал-сайманмен және мүлікпен жабдықтауды қамтамасыз ету.
20.04.2006ж. дейін
Аудандық су тасқынына қарсы штаб
о
Көктемгі кезеңде автожолдарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар мен көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу. Жанар-жағар май материалдарының, қажетті материалдық-техникалық құралдарының (құрылыс материалдары, ағаш, тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдысы) қорын жасау.
Ауданның автомобиль жолдарында жіберілетін жүктердің шегі мен жолдың жамылғы түрлеріне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысын шектеу.
Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отыру. төтенше жағдайлар туындап, қауіп туғызған кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату, автожолдарының ең қауіпті участоктарына қосымша жол ескертпе белгілерін қою туралы шешім қабылдау және ол жөнінде аудандық су тасқынына қарсы штабтың басшылығына хабарлау.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Қала, село, ауылдық және селолық округ әкімдері жол ұйымдарының басшылары (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша)
4
Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және төтенше жағдайлар аумағынан көшіру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлерді дайындау.
20.04.2006ж. дейін
Қала, село, ауылдық және селолық округ әкімдері «Жолаушылар тасымалдау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, суда құтқару қоғамы (келісім бойынша)
5
Аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының және шаруашылықтарының өтінімдері бойынша мұз көшкіні кезеңінде өзендерде жару жұмыстарын өткізу бойынша келісім шарттар жасау.
20.04.2006Ж. дейін
Аудандық су тасқынына қарсы штаб
6
Теміржол құрылыстарының, дренаж құрылғысының жағдайын тексеру. Станция аумағындағы қарды, мұзды тазалау, теміржолдардағы, (көпір және жүріп өту көпірлері, ирригациялық құрылыстар) жүргізу. Қажетті салғырт материалдар қорын жасау. Су тасқыны кезеңінде қауіпті участоктарда кезекшілік ұйымдастыру.
20.03.2006ж. дейін
Республикалық мемлекеттік . кәсіпорынның Атбасар теміржол тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша)
7
Ауылшаруашылық малдары үшін жем-шөп қорын әзірлеу. Алдын алу шараларын өткізу және астық қоймаларындағы астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтауды қамтамасыз ету. Мал'қораларында және қоймаларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізуді дер кезінде қамтамасыз ету.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Қала, село, ауылдық және селолық округ әкімдері, ауылшаруашылық бөлімі; нан. қабылдау кәсіпорындарының иелері мен басшылары (келісім бойынша)
8
Барлық елді мекендермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Су тасқыны аумағында қалатын шаруашылықтармен байланыс жасайтын резерв көздерін қарастыру.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Атбасар аудандық телекоммуникациялар торабы (келісім бойынша)
9
Қалаға және селолық округтерге электр қуатын үзіліссіз және сенімді беріп тұруды қамтамасыз ету, электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғау.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Атбасар аудандық электр жүйесін таратып тұратын (келісім бойынша)
10
Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру. Аудан тұрғындарына теледидар, радио және баспасөз арқылы су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабарлап отыру.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Аудандық су тасқынына қарсы штаб
11
Су тасқыны басталғанға дейін өзендердің су режиміне бақылау жасайтын гидрологиялық бекеттерін іске қосу. Елді мекендерді су басу, су астында қалдыру қаупі туралы жедел хабарлап отыру. қауіпсіздігі туралы ескерту бойынша ақпаратты тез тапсыру. Су қоймаларында, көпірлерде, көлдерде судың көтерілуін, су түсуін тәулік сайын тіркеу жүргізу, облыстық су тасқынына қарсы штабқа қардың қоры, өзендердің гидрологиялық режимі және басқа су объектілерінің жағдайы туралы күн сайын ақпарат беріп отыру.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Қала, село, ауылдық және селолық округ әкімдері, аудандық су тасқынына қарсы штаб
12
Су тасқыны кезінде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердегі емдеу мекемелерінде қажетті дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасауды қамтамасыз ету. Су тасқыны кезеңінде аудан аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Атбасар аудандық емхана (келісім бойынша)
Атбасар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау бөлімі (келісім бойынша)
13
Су тасқыны кезеңінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалды-техникалық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техникалардың резервін
Су тасқынының барлық кезеңінде
Аудандық су тасқынына қарсы штаб
Келісілді:
Атбасар аудандық емханасының
бас дәрігері С.А.Аужанова
09.03.2006ж.
«Атбасар ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі З.С.Корн
09.03.2006ж
Атбасар ауданы бойынша Ақмола
аумақтық қоршаған ортаны қорғау
басқармасының уәкілетті мемлекеттік
инспекторы Б.Т.Қамбатыров
09.03.2006ж.
4-Мамандандырылған өрт
бөлімінің бастығы Б.Ж.Әбілғазин
09.03.2006ж
Атбасар аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы А.Т.Жапаров
09.03.2006ж
Атбасар қаласының қорғаныс істері
жөнінде бірлескен бөлімнің бастығы М.Е.Тұрманов
09.03.2006ж
Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық
бақылау Департаменті бөлімінің бастығы Ю.Э. Михель
09.03.2006ж