О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардың № 148-ІІ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетті басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, еріген қар суын ұймшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб аудан әкімінің орынбасары Әлібек Әбдуәлиұлы Тоқбаевтің басшылық етуімен құрылсын № 1 қосымша.
Тармақ 2
2. Аршалы ауданының аумағында 2006 жылғы кектемгі су тасқының қатерсіз өткізу және оған дайндалу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін № 2 қосымша.
Тармақ 3
3. Аршалы кенті мен ауылдық округ әкімдеріне, аудандық ауыл шаруашылық Миністірлігі аумақтық басқармасына (келісім бойынша), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлік және автомобиль жолдары бөлімнің бас маманына, және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар. (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін.
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігінде жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажеті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қауыпы туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындасын (анықтасын);
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайндықта ұстасын және анықтасын, апаттан-құтқару жұмыстарын жургізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдарың қимылын және зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшін қажетті жанар-жағар май және басқа материалдық-техникалық құралдардың қажетті резерві жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауып және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақтармен жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Аршалы кенті мен ауылдық округ әкімдері өздерінің қаулылармен ведомстволық қарасты аумақтарда су тасқынына қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезіндегі төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу.
Тармақ 5
5. Аудандық экономика және бюджет жасақтау бөлімі (келісім бойынша) үстіміздегі жылы тасқын суға қарсы шараларды ұйымдастыруды қаржыландыруға қажетті қаражат бөлуді қарастырсын.
Тармақ 6
6. Дайндалу іс-шараларын орындау 2006 жылғы 20 наурызға дейін аяқталсын.
Тармақ 7
7. Аршалы кенті мен ауылдық округ әкімдері, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің, басқармалардың, кәсіпорындардың, және ұйымдардың басшылары осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес аудандық су тасқынына қарсы штабтың және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшылығына жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі туралы 24 наурызға дейін, ал дайындық шараларының аяқталғаны туралы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 8
8. Қаулы Аршалы ауданы әділет басқармасы тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары- аудандық су тасқынына қарсы штабтың бастығы Әлібек Әбдіуәлиұлы Тоқбаевқа жүктелсін.