Об организации общественных работ в Шортандинском районе в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы Шортанды ауданды қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабаның 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңының 7, 20 баптарына, Үкіметтің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 7, 8 тармақтарына сәйкес жұмыс табуда қиындық көріп отырған жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Селолық округтерінің, Шортанды, Жолымбет, Научный кенттерінің әкімдері «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемелермен (әрі қарай - ММ) бірлесе 2006 жылы ауданда жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кәсіпорындардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ халықты және ауданның кәсіпорындары мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу және жалақа төлеу тәртібі туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттің қаражаттарынан іс жүзінде орындалған жұмыс үшін 2006 жылға заңмен белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінде жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2006 жылғы 16 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің «2005 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2005 жылғы 23 қыркүйектегі №а-4/197, Шортанды ауданының әділет Басқармасында 2005 жылғы 6 қазанда №1-18-5 тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2005 жылғы 15 қазанда №41 жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ТІЗБЕ
Шортанды ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «17» 03 №А-2/56
қаулысымен бекітілді
№1 қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ТІЗБЕ
Ұйымдар атауы
Ақылы қоғамдық жұмыстарды түрлері
Жұмыс орындарының саны
Орындалу мерзімі
Шортанды ауданының «Дамса селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау
4
ақпан-шілде
Шортанды ауданының «Елизаветинка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау
6
мамыр-шілде,
қыркүйек-қазан
Шортанды ауданының «Казцик селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау
9
ақпан-қазан
Шортанды ауданының «Новокубанка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру
9
ақпан-қазан
Шортанды ауданының Новоселовка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау, малға жем-шөп дайындау
4
наурыз-қазан
Шортанды ауданының «Пригородное селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Жердің құнарлылығын арттыру жұмыстарына көмектесу, аумақты қардан және мұздан тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру
2
мамыр-шілде
Шортанды ауданының «Раевка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау
5
мамыр-қазан
Шортанды ауданының «Научный кентінің әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, кент аумағын жинау
2
мамыр-қазан
Шортанды ауданының «Жолымбет кентінің әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, кент аумағын жинау
13
ақпан-желтоқсан
Шортанды ауданының «Шортанды кентінің әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, әр үйге барып, халық санағын жүргізу, су құбырлары коммуникациясын жөндеу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, қар қалашығын салу, ағаш отырғызу, аумақты қардан және мұздай тазарту, жердің құнарлылығын арттыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу
42
ақпан-желтоқсан
Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісімі бойынша)
Шақыру және тіркеуге алу комиссиялары кезінде көмек көрсету
5
ақпан-сәуір,
қазан-желтоқсан
Шортанды ауданының «білім беру бөлімі» ММ
«Ақ қайың» балалар лагерінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру
4
маусым-тамыз
Шортанды ауданының «Андреевка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумаған жинау, тұрғындардың ауласын аралау
2
ақпан-сәуір
Шортанды ауданының соты (келісімі бойынша)
Құжаттандыруға көмек
1
ақпан-сәуір
Шортанды ауданының әділет Басқармасы (келісімі бойынша)
Құжаттандыруға көмек
2
ақпан-сәуір