О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года по сельскому округу имени С.Сейфуллина Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы С.Сейфуллин атындағы селолық округі бойынша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 73 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» (2006 жылғы 16 наурыздағы 1-14-39 Зеренді ауданының Әділет басқармасында тіркелген) қаулысын орындау барысында, С.Сейфуллин атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес С.Сейфуллин атындағы селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штаб құрылсын және шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
Басқа 3. С.Сейфуллин атындағы селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штабтың құрамы
Қосымша 1 С.Сейфуллин атындағы
селолық округі әкімінің 2006 жылғы
«23» наурыз № 2 «2006 жылғы
көктемгі су тасқынына қарсы
С.Сейфуллин атындағы селолық
округі бойынша шаралар
туралы» шешіміне
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штабтың құрамы
1. Уәлиев Найзабек Қалымжанұлы
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің әкімі
2. Манапова Гүлбаршын Сұлтанқызы
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің маманы
3. Жапаров Жұмабай Хұсайынұлы
Сейфуллин орта мектебінің басшысы
4. Оспанов Марат Қарашаұлы
«Әлем-Серік» қожа шаруашылығының басшысы
5. Хасенов Сәрсенбай Мұзайұлы
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің мал дәрігерлік инспекторы
Басқа 4. С.Сейфуллин атындағы селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі шаралар жоспары
Қосымша 2 БЕКІТІЛДІ
С.Сейфуллин атындағы селолық
округі әкімінің 2006 жылғы «23»
наурыз № 2 « 2006 жылғы көктемгі
су тасқынына қарсы С.Сейфуллин
атындағы селолық округі бойынша
шаралар туралы» шешімімен
С.Сейфуллин атындағы селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі шаралар жоспары
№
Жұмыс атаулары
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1
Жанар-жағар май мен қажетті құрылыс материалдарының (тас, қиыршық тас, құм) қоры жасалсын
Су тасқынының барлық кезеңіне
әкім аппараты, су тасқынына қарсы штаб құрамы, «Әлем-Серік» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
2
Жолдың ең қауіпті учаскелерін анықтау, ескерту белгілерін уақытында қондыруды ұйымдастыру
Су тасқынының барлық кезеңіне
әкім аппараты, су тасқынына қарсы штаб құрамы
3
Қауіпті төтенше жағдай аймақтарынан халықты көшіруін ұйымдастыру үшін автокөлік техникасының дайындығын қамтамасыз ету
2006 жылғы 1 сәуірге дейін
әкім аппараты, «Әлем-Серік» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
4
Мал қораларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын дер кезінде қамтамасыз ету
Наурыз айы
«Әлем-Серік» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)
5
Аудандық су тасқынына қарсы штабқа мәлімет беріп отыру
Сәуір-мамыр
әкім аппараты
6
Суаттарда қауіпсіздікті сақтау бойынша округ мектептерінің оқушыларымен түсіндірме жұмыстар өткізу
Су тасқынының барлық кезеңіне
әкім аппараты
7
Қарт және мүгедек адамдарға қар тазалауда көмек көрсету
Наурыз - сәуір
«Әлем-Серік» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)