О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года по Садовому сельскому округу Қолданыста
Басқа 0
Садовый селолық округі бойынша 2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімшілігі 2006 жылғы 01 наурыздағы № 73 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» (2006 жылғы 16 наурыздың № 1-14-39, Зеренді ауданы әділет басқармасында тіркелген ) қаулысын орындау барысында, Садовый селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Садовый селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штаб кұрылсын және шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 3. Садовый селолық округі аумағында көктем кезінде су тасқының апатсыз өткізуге дайындық бойынша шаралар жоспары
Қосымша 1 БЕКІТІЛДІ
Садовый селолық округі
әкімінің 2006 жылғы
03 04 № 2 «Садовый
селолық округі бойынша
2006 жылғы көктемгі
су тасқынына қарсы
шаралар туралы»
шешімімен
Садовый селолық округі аумағында көктем кезінде су тасқының апатсыз өткізуге дайындық бойынша шаралар жоспары
№
Шаралар атауы
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1
Көктем кезіңде жолдың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге су өткізетін құрылыстарды тазалауға байланысты, қажетті жұмыстарды жүргізу.
Су тасқынының барлық кезеңіне
Әкім Мурзагельдинов О.К., Жакупов Т. А. (келісім бойынша)
2
Су тасқынына қарсы шараға қажетті техниканың дайын болуын кантамасыз ету
15 сәуірге дейін
Жакупов Т. А. (келісім бойынша), Макатов Е.О, (келісім бойынша),
3
Қауіп- қатер немесе төтенше жағдайлар пайда болғанда жолдардың жағдайын бағалау, жолдың ең қауіпті учаскелерін анықтау, ескерту белгілерін уақытында қондыруды ұйымдастыру.
Су тасқынының барлық кезеңіне
Әкім Мурзагельдинов О.К., Жакупов Т. А. (келісім бойынша)
4
Мал қораларында және қоймаларда, астық сақталатын орында қар тазалау жұмысын жүргізу
15 сәуірге дейін
Жакупов Т. А. (келісім бойынша)
5
«Су қоймаларында қауіпсіздік сақтау ережелері» туралы мектептерде тематикалық сабақ және әңгімелер өткізу. Оқущылардың ата-аналарымен жол бағытын шешу «Үй- мектеп- үй»
Су тасқынының барлық кезеңіне
Щукин А. Ф. (келісім бойынша), Кошманов Р.Ш. (келісім бойынша), Мунаев Т. К. (келісім бойынша)
Басқа 4. Садовый ауылдық округтың су тасқынына қарсы штабтың құрамы 2006 жыл
Қосымша 2 Садовый селолық
округі әкімдігінің 2006 жылғы
03 04 № 2 «Садовый селолық
округі бойынша 2006 жылғы
көктемгі су тасқынына қарсы
шаралар туралы» шешіміне
Садовый ауылдық округтың су тасқынына қарсы штабтың құрамы 2006 жыл
1. Мурзагельдинов Омар Курмангужа ұлы
Садовый ауылдық округінің әкімі
2. Шукин Анатолий Федорович
Садовый орта мектебінің директоры
3. Жакупов Талғат Алпысбай ұлы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры «Аққайн + Ж»
4. Кошманов Райхан Шынкен ұлы
Заречен негізгі мектебінің директоры
5. Макатов Елжас Оркен ұлы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры «Мирас Агро Строй»
6. Мунаев Төлеген Карібай ұлы
Березняков орта мектебінің директоры