О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года по Подлесненскому сельскому округу Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Подлесный селолық округі бойынша 2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 01 наурыздағы № 73 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» (2006 жылғы 16 наурызындағы № 1-14-39 Зеренді ауданының Әділет басқармасында тіркелген) қаулысын орындау барысында, Подлесный селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Подлесный селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штаб құрылсын және шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 3. Подлесный селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штабтың құрамы
Қосымша 1 Подлесный селолық округі әкімінің 2006 жылғы «10» наурыз № 02 «Подлесный селолық округі бойынша 2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» шешіміне Подлесный селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі штабтың құрамы Штабтың бастығы 1. Әубәкіров Беркүт Рамазанұлы - Подлесный селолық округінің әкімі штаб хатшысы 2. Шәйкенова Гүлмира Сайлау қызы - Подлесный селолық округінің бас маманы 3. Омаров Наурызбай Тотанұлы - «Бірлестік» шаруашылық қожалығының басшысы 4. Неғтетулин Ербол Кайрбекұлы - «Шолпан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры 5. Шәйкенова Жанаргүл Бақыт қызы - Подлесный селосы байланыс бөлімшесінің бастығы
Басқа 4. Подлесный селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі шаралар жоспары
Қосымша 2 БЕКІТІЛДІ 2006 жылғы «16» наурыз № 02 «Подлесный селолық округі бойынша 2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» шешімімен Подлесный селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды өткізу жөніндегі шаралар жоспары № Жұмыс атаулары Орындау мерзімдері Жауаптылар 1. Тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастыру, су тасқынына қауіпті учаскелерінде ескерту белгілерін орнату Сәуір-мамыр Әкім 2 Төтенше жағдайларды жою үшін көлік-тиегіш техниканың ,жанар-жағар май және керекті материалдарды дайындығын қамтамасыз ету Сәуір-мамыр «Бірлесті» ШК (келісім бойынша) «Шолпан» ЖШС (келісім бойынша) 3 Суағарларды қоқыстан тазалау Сәуір-мамыр «Бірлесті» ШК (келісім бойынша) «Шолпан» ЖШС (келісім бойынша) 4 Су басуы мүмкін жерлерге қиыршық тас себу Сәуір-мамыр «Бірлесті» ШК (келісім бойынша) «Шолпан» ЖШС (келісім бойынша) 5 Аудандық су тасқынына қарсы штабка мәлімет беру Сәуір-мамыр Әкім 6 «Су қоймаларында қауіпсіздік сақтау ережелері» туралы мектептерде оқушылармен және ата-аналарымен әңгімелер өткізу Сәуір-мамыр Бас маман Шәйкенова Г.С. Аббревиатураның толық жазылуы ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік ШК – шаруа қожалығы