О организации и проведении призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес, 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз етудің және 2006 жылғы күзгi мерзімде әскери қызметке шақырылуға жататын 1979-1988 жылдары туылған барлық азаматтардың шақыру пунктіне ұйымшылдықпен келуінің қажетті шараларын алсын.
2. Аудандық және қалалық шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстық шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
Қалиев Бисенбай Абдұллаұлы - комиссия төрағасы - Маңғыстау
облысының Қорғаныс iстерi
жөнiндегi департамент бастығы
(келiсiм бойынша)
Бөкембаев Ержiгiт Әдiлбайұлы - комиссия төрағасының орынбасары -
Маңғыстау облысының Жұмылдыру
даярлығы, азаматтық қорғаныс,
авариалар мен дүлей аппаттардың
алдын алуды және жоюды ұйымдастыру
басқармасының бастығы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Нұрсейітов Дидар Асатұллаевич - Маңғыстау облысының Ішкi iстер
департаментi бастығының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Орынбасарова Фазила Мақсұтқызы - Маңғыстау облыстық диагностикалық-
кеңес беру емханасының меңгерушiсi
- облыстық дәрiгерлiк комиссия
төрайымы
Абилова Қайырлы Шұғайқызы - Ақтау қалалық емханасының
медбикесi - хатшы
Тармақ 3
3. 2006 жылғы сәуірдің 1-нен маусымның 31-не дейін және қазанның 1-нен желтоқсанның 31-не дейiн Маңғыстау облысының Қорғаныс iстерi жөнiндегi департаментiнiң шақыру учаскесiнде шақыру комиссиясының мәжiлiсi және әскерге шақырылғандарды дәрiгерлiк куәландыру жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау департаментіне:
Тармақша 1
1) облыстық жинақтау пунктінің медициналық бөліміне және қалалық, аудандық шақыру комиссияларына маман дәрігерлер мен медбикелердің саны жеткілікті бөлсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылардың флюорографиядан өтуі, несептің және қанның жалпы талдауы анализ тапсыруы, мерезге серологиялық реакциялар тексеруі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) жүйке және жан күйзелісі аурулары, туберкулез, басыр, бұлшық ет, сүйек, буын органдарының созылмалы ауруына байланысты диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімі мен ауру тарихының жазбасы, шақырылушының денсаулық жай-күйін сипаттайтын дәрігерлік байқау мен диспансерлік бақылаудың мәліметтері қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаментке уақытылы табыс етілсін;
Тармақша 4
4) комиссия жолдаған әскерге шақырылғандарды кезектен тыс стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін облыстық, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінде ауруларға арналған төсек саны жеткілікті бөлінсін;
Тармақша 5
5) комиссияның маман-дәрігерлері қажетті аспап-жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
Тармақша 6
6) әскерге шақырушылардың комиссиядан өтуі кезінде қажетті егу жүргізсін;
Тармақша 7
7) әскерге шақырылу кезеңінде 1979-1988 жылдары туылғандарды облыстық, қалалық және аудандық дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша емдеу мекемелеріне стационарлық емдеуге қабылдау қамтамасыз етсін;
Тармақша 8
8) қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық бөлімдерге, Ақтау қалалық басқармасына стационарлық емдеудегі әскерге шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы хабарлансын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, меншік нысандарына қарамастан мекемелердің, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясынан өтуге қажетті мезгілге жұмыстан (оқудан) босату, әскерге шақырылушылар іс-сапардан, еңбек демалысынан кері шақыртылып алу және әскери-есеп столдары бастықтарының немесе кадр бөлімі өкілінің басшылығымен олардың уақытылы келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер департаментіне (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) алдын-ала анықтау, тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар туралы қажетті мәліметтерді уақытылы табыс ету;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылар мен оларды шығарып салушылар арасында тәртіпті қамтамасыз ету үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдердің, Ақтау қаласы басқармасының өтінімдері бойынша облыстық жинақтау пунктіне және аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің, басқарманың шақыру учаскелеріне, Маңғышлақ станциясының темір жол вокзалына, сонымен қатар әскерге шақырылған командаларды алып жүретін автобустарға полиция қызметкерлері мен жол полициясының автокөліктерін жеткілікті бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің директорынан (келiсiм бойынша) қолданыстығы заңнамаға сәйкес, 1979-1988 жылдары туылған, мүгедек деп танылған әскерге шақырылушылардың тізімін Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментке табыс ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Батыс-Қазақстан темір жолы Маңғышлақ станциясының бастығына (келiсiм бойынша) әскерге шақырылушыларды қалалар мен аудандардан облыстық жинақтау пунктіне және облыс орталығынан кері қарай тасымалдау үшін тиісті өтінімдер бойынша орындарды уақытылы брондауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Облыстық дене тәрбиесi және спорт басқармасы "Арман" облыстық жастар орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен бірлесіп, әскерге шақыру кезеңінде әскерге шақырылушы жастармен әскери-патриоттық және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы департаменті әскерге шақыруға байланысты жоғарыда көрсетілген шараларды, шақырылушыларды әскери бөлімшелерге жөнелтуді қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 11
11. "Қазақстан "Республикалық телерадикорпорациясы" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы (келiсiм бойынша), облыстық "Маңғыстау", "Огни Мангистау" газеттерінің редакциялары әскерге шақыру шаралары мен әскер қатарының жастармен толығуын кеңінен көрсететін болсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 13
13. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.