Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери кызметке кезекті шақыруы туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы негізінде 1988 жылы туылған, әскери шақыру жасынан асқан азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуде, әскерге шакырылушыларды әскери бөлімге үйымшыл және жоспарлы тұрде жөнелтуде Ғабит Мусірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің ғимаратында шақыру пункті ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 бабына сәйкес әскерге шақырушылар комиссиясы мына кұрамда құрылсын:
Мусин Шайдолла Сапарұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері женіндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрагасы;
Бигожин Арман Сырымбетұлы -«Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Жуматаев Сағындық Айдарханұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Ргебаев Баймурат Есмағзамүлы - Қазақстан Республикасының денсаулык сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорынның емханалық жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрағасы;
Ляшко Николай Васильевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы;
Бейкель Светлана Николаевна - комиссия хатшысы.
Аудандык әскерге шакырушылар комиссиясы өзінің тәжірибелік жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28 баптарының талаптарын қатаң басшылыққа алады.
Аудандық әскерге шақыру комиссиясына 2006 жылдың 1 сәуірінен және 2006 жылдың 1 қазанынан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыру жүктелсін.
Әскерге шақыру комиссиясының жұмысы кезінде барлық комиссия мүшелері атқарып жүрген жұмысы мен қызметі міндетінен босатылады. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Ш. С. Мусин ) жедел әскери қызметке азаматтарды шақыру жүргізу және ұйымдастыру бойынша Қазакстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін және комиссия мүшелері толық емес жағдайда комиссия мәжілісі өткізілмесін.
Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері сырқаттанып немесе басқа себептермен келмей қалған жағдайда келесі көмекшілер бекітілсін:
Аскаров Мұрат Манапұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, комиссия төрагасы;
Мәліков Рыскелді Уәліұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Ақтаев Ибрагим Салықүлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Бижанов Қаныш Болатүлы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорын бас дэрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрағасы;
Базаров Арсен Исатайүлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; Сергеева Любовь Андреевна – комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Аудандық Қорғаныс істер женіндегі бөлімінің бастығы (Ш. С. Мусин) 2006 жылы 1 сәуірден және 2006 жылы 1 қазаннаң бастап әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды кажетті түрде шақыру жүргізілсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтустік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорын бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы (Н. В.Мушта) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңы бойынша жүктелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру комиссиясына әскерге шакырушыларды дәрігерлік куәландыру өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер
мамандары және орта дәрігерлер қызметімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандағы стационарлық емдеу мекемесінде аудандық әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақырушыларды қосымша тексеруден өткізу үшін резерв төсек болсын;
Тармақша 3
3) аудандық емдеу мекемелері арқылы барлық әскерге шақырушыларға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің есеп жоспары бойынша электрокардиограмма, анализдер өткізу, көкірек клеткасына флюроография жасау, аяқ табандарын тексеру қамтамасыз етілсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезінде тістеріне емдеу қажет азаматтарға ауыз қуыстарын емдеу қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) әскерге шақырылушыларды қарау үшін және олардың әскри қызметке жарамдылығы туралы сүрақты шешуде рентген пленкасының резерві бар болуы;
Тармақша 6
6) әскери қызметке азаматтарды шақыру өткеннен кейін, аудандық Қорганыс істері жөніндегі бөлімінің берген емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылар тізімін емдеу мекемелерге берілсін және кезекті әскерге азаматтарды шақыруға дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 5
5. Қазакстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде ауданның ұйым, мекеме,
кәсіпорын және оку орындарының басшыларына:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырушылардың келуі қамтамасыз етілсін. Барлық демалыста немесе іссапардағы әскерге шақырылушылар шақырып алынсын және әскерге шақыру комиссиясына өтуге аудандык Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне келуі міндеттелсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды стационарлық қаралудан және де емханада анализ өткізуден әскерге шақыру кезінде жұмыстан босатылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы бойынша барлық әскерге шақырушыларга жеке
әскерге шақыру қағазы берілсін және аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің белгіленген күні әскерге шақыру комиссиясына олардың келуін қамтамассыз ету аулдық округ әкімдеріне жүктелсін;
Тармақша 1
1) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жеткізуде қажетті көлік және жолдамашы бөлінумен қамтамассыз етілсін. Әскерге шақырушыларды тасуда қауіпсіз жағдайдан сақтандыруда іс-шаралар қолданылсын. Аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жоспары бойынша әскерге шақыру комиссиясына шақырылушыларды жеткізуді және әскерге жіберуді жергілікті бюджеттің қаржысы есебінде жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктіне шақырушыларды жіберу алдында олардың қажетті құжаттарының болуы тексерілсін.
Тармақ 7
7. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Н. Қ. Баракаев) аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне бюджетте қаралған кажетті ақша бөлінсін.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы бойынша «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Б. И. Кимикпаев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне әскерге шакырылушылардың бұрын сотталған, қылмыстык жаза тартқан, тергеуде болғаны туралы ақпарат хабарлансын;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды Қазақстан Республикасы әскери қызмет қатарына жөнелту және шақыру кезде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті ұстау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) әскери борышты орындаудан бас тартқан адамдарға тергеу жасалсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің бастығы Шайдолла Сапарұлы Мусинға және аудан әкімінің орынбасары Жамал Рахымбекқызы Ыбышоваға жүктелсін.
Келісілді
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс
істері жөніндеғі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Мусин Ш.С.
2006 жылы 21 сәуір
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.И.Кимикпаев
2006 жылы 21 сәуір
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау Министрлігінің Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның «Орталық аудандық
аурухана» мемлекеттік коммуналдық
қазналық кәсіпорын бас дәрігерінің міндетін
уақытша атқарушы
А.Н.Мушта
2006 жылы 21 сәуір