2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заның басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (Бердигалиев Б.А.)
Тармақша 1
1) 18 жасқа толған, сондай-ақ кейінге қалдырылған мерзімдері өткен 1979-1988 жылы туған азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусым және казан-желтоқсан айлары аралығында әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскери қатарына жөнелту сұралсын.
Тармақша 2
2) Сарбаздар, сержанттар және офицерлер құрамындағы әскери міндеттілердің запаста болатын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрілік сараптама ережелеріне сәйкес медициналық куәландырудан өту қажеттілігі сұралсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық шақыру комиссияның құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру және оларды әскери қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс. істері жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М.Нурғалиев) тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін жабдықталған орындар, жоғары білімді, тәжірибелі маман дәрігерлер мен медбикелерді қажетті мөлшерде бөліп медициналық құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету, шақыру комиссиясы емдеу мекемелеріне жолдаған азаматтарды ведомстволық бағыныштылығына сол көрсетілген емдеу мекемелерінде стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету, бүл мақсатқа аудандық ауруханадан 6-8 кісілік кереуеттік орын бөлу аумақтық медициналық бірлестігіне (А.Дүйсенгалиев) ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Шақыру пункттерінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіп қадағалау үшін және әскерге шақырылушы азаматтардың себепсіз келмеуіне арнайы топ құрып, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру аудандық ішкі істер бөліміне (А.Алдабергенов) ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алып келу үшін белгіленген мөлшерде жанар-жагар май алу үшін қаржы бөлу аудандық қаржы бөліміне (А.Мурадимова) тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жакиевке жүктелсін. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Б.Бердыгалиев Аймақтық медицина бірлестігінің директоры А.Дүйсенғалиев Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Алдабергенов
Басқа 12. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
№1 қосымша аудан әкімиятының 2006 жылғы 30.03.2006 № 61 қаулысымен бекітілген Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Бердигалиев Бекен Амангелдыұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Жанклишев Дархан Ұлықпанұлы - аудан әкімі аппаратының бас маман - заңгері, комиссия төрағасының орынбасары; Надирова Бактыгүл Аскарқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Гумаров Қуанай Сапарұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Рахметов Берік Қалимуллаұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығы (келісім бойынша); Қарғабаева Майра Уахитқызы - аудандық аурухананың дәрігер-терапевт (келісім бойынша); Кенеева Ляззат Тохтамқызы - аудандық қорғаныс бөлімінің №1 бөлімше бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша); Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша); комиссия төрағасы(келісім бойынша); Разхиев Қадыр Болатұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы; Сұлтанова Гүлбарам Бақытжанқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша). Бериккалиев Серік Демеуғалиұлы - аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторы (келісім бойынша); Жаксығали Айсағали Даулетшеұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шешімнің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығының көмекшісі (келісім бойынша); Оразов Алмат Айсағалиұлы - аумақтық медицина бірлістігінің бөлім меңгерушісі (келісім бойынша); Сұлтанов Сапиолла Салықұлы - аудандық қорғаныс істері жөнінде бөлімнің №1 бөлімше бастығының көмекшісі (келісім бойынша).
Басқа 13. Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі
№ 2 қосымша Аудан әкімиятының 2006 жылғы 30.03.2006 №6-3 қаулысымен бекітілген Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі р/с Ауылдық округтер Бала саны сәуір 10 11 12 13 14 15 17 18 19 20 21 22 1 Алгабас 54 X 2 Аралтөбе 36 X 3 Бұлдырты 77 4 Бұлан 25 X X 5 Елтай 20 6 Жосалы 27 X 7 Жетікөл 30 X 8 Жымпиты 96 X 9 Қособа 26 X 10 Сарой 33 X 1 11 Талдыбұлақ 33 X 12 Өленті 39 X 13 Ш-Аңқаты 38 X Барлық саны 534