О подготовке и безаварийному пропуску паводковых вод весны 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылдың көктемінде еріген қар суын ешбір кедергісіз өткізу туралы
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Респуликасының Заңына сәйкес, қар суын апатсыз өткізуді ұйымдастыру мақсатында және су тасқынына қарсы күреске байланысты, Воздвиженка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Воздвиженка селолық округі бойынша су тасқынына қарсы күрес комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. 2006 жылдың көктеміндегі еріген қар суын ешбір кедергісіз өткізуге арналған іс-шаралардың жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. 2005 жылы 04 мамырда Целиноград ауданы Әділет Баскармасында тіркелген № 1-17-6 «Су тасқынына қарсы күрес комиссиясын құру туралы» 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 1-03/4 шешімінің күші жойылсын.
Басқа 4. Воздвиженка селолық округі бойынша су тасқынына қарсы күрес комиссиясының ҚҰРАМЫ:
селолық округ әкімінің
2006 жылғы 10 наурыздағы
1-03/7 шешіміне «Су тасқынына
қарсы күрес комиссиясын
құру туралы» 1 қосымша
Воздвиженка селолық округі бойынша су тасқынына қарсы күрес комиссиясының ҚҰРАМЫ:
Бақыбаев Жомарт Сабырұлы
комиссия төрағасы, Воздвиженка селолық округінің әкімі
Әшімова Әзизад Маратқызы
комиссия хатшысы, Воздвиженка селолық округінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
Қосыбаев Темірхан Қасымұлы
«Ақтық» Агрофирмасы акционерлік қоғамының бас инженері (келісім бойынша)
Геращенко Алексей Иванович
«Ақтық» Агрофирмасы акционерлік қоғамының қауіпсіздік ережесі жөніндегі инженері (келісім бойынша)
Басқа 5. 2006 жылдың көктеміндегі еріген қар суын ешбір кедергісіз өткізуге, арналған ІС-ШАРАЛАР
селолық округ әкімінің
2006 жылғы 10 наурыздағы
1-03/7 шешіміне «Су тасқынына
қарсы күрес комиссиясын
құру туралы» қосымша бекітілді
2006 жылдың көктеміндегі еріген қар суын ешбір кедергісіз өткізуге, арналған ІС-ШАРАЛАР
№
Іс-шаралар
Жеткізу түрі
Жауапты адамдар
Орындайтын мерзімі
Болжаулы шығындар (млн.теңге)
Қаражат көзі
1.
Ауылдық округтегі тұрғынды пункттердің үйлерін су басып кету қаупінің алдын алу жөніндегі шараларын іске асыру.
ақпарат
Ауылдық округ әкімі; «Ақтық» Агрофирмасы акционерлік қоғамы (келісім бойынша)
Су тасқыны кезеңі бойы
Қаржыландыру қажетсіз
2.
Округте үзіліссіз байланыс жұмысын қалыптастыру.
ақпарат
Байланыс бөлімі (келісім бойынша)
Су тасқыны кезеңі бойы
Қаржыландыру қажетсіз
3.
Апат болған жағдайда инерттік материалдарды көшіру үшін резервтік автокөлік белгілеу.
ақпарат
«Ақтық» Агрофирмасы акционерлік қоғамы (келісім бойынша)
Су тасқыны кезеңі бойы
Қаржыландыру қажетсіз
4.
Су тасқыны кезеңі бойы кезекшілік ұйымдастыру.
ақпарат
Ауылдық округ әкімі, «Ақтық» Агрофирмасы акционерлік қоғамы (келісім бойынша)
Су тасқыны кезеңі бойы
Қаржыландыру қажетсіз