Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2006 жылға арналған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша көмек көрсету туралы Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2006 жылға арналған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша көмек көрсету тіралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес және Жезқазған қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 9 ақпандағы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша атаулы көмек көрсету туралы» №27/296 шешімін орындау мақсатында Жезқазған қаласының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Мырзаханов Бағлан Мырзаханұлы) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтер бойынша көмекті 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын уақытылы тағайындап, азаматтардың жеке шоттарына түсуін қамтамассыз етсін (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері болып табылатын Қазақстан азаматтары тұрғын үйді ұстау қоммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары боынша көмек алу құқығын пайдалана алады.
Тармақ 3
3. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы Жезқезған қаласының мемлекеттік зейнетақы тағайындау орталығының бөлімшесінің анықтамасына сәйкес, банк операцияларын жүзеге асырулицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының жеке шотының нөмірі көрсетіліп, тұрғын ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындарына көмек тағайындау туралы өтініш беріледі.
Тармақ 4
4. Өтініш жазған азаматтар ұсынылған ақпараттардың дұрыстығына толық жауап береді. Қандай болса заң бұзышылық анықталған жағдайда, төлеген сомалар кінәлі адамдардан сот арқылы өндіріледі.
Тармақ 5
5. «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ай сайын «Жезқазған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша көмек тағайындау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығындары бойынша көмек тағайындау және төлеу туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 6
6. «Жезқазған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Лекерова Мейрамкүл Дюсембайқызы) «Жергілікті өкілеттік органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бағдарламасы бойынша қарастырыллған қаржы есебінен көмек көрсету төлемдерін уақытылы қаржыландыруды қаматамасыз етсін (келісім бойынша).
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Станислав Валентинович Филиповичке жүктелсін.
Келісілген:
«Жезқазған қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Мырзаханов
Бағлан Мырзаханұлы
«Жезқазған қаласының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің
міндетін атқарушы
Лекерова
Мейрамкүл Дюсембайқызы