2006 жылдын сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шакыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдын сәуір-маусым айларында мерзімді әскери қызметке шакыру туралы Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 8-тармағын және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік. және әскери кызмет туралы» Заңының 4 тарауын басшылыққа ала отырып 2006 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери кызметке ұйымдастыруды және сапалы өткізуді қамтамасыз ету үшін Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың сәуір-маусым айларында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге калдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Тармақ 2
2. Аудандық орталық ауруханаға (А.Котельбаев):
Тармақша 1
1) әскер қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін 5 (бес) медициналық медбике және төменгі құрамда маман-дәрігерлермен қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы 04 наурыздағы № 100 және Қазақстан Республикасының Денсаулық Министірлігінің 2005 жылғы 16 наурызындағы № 117 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күшгеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес әскери комиссариат жанындағы аудандық әскерге шақыру учаскесін қажетті медициналық құралдармен, медикаменттермен және медициналық мүліктермен жасақталыгі, әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан сапалы өткізу үшін флюорографиялық, электрокардиологиялық және зерттеудің басқа да түрлерінен өткізуді қамтамасыз етсін. Әскерге шақырылушыларды клиникалық зерттеу және емдеу үшін аудандық ауруханадан 5(бес) төсек - орын бөлініп отырсын.
Тармақ 3
3. Ауыл әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан ұжым басшыларына әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан және аудандық әскерге шақыру комиссиясынан өткізуге тасымалдау жүктелсін
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімі (М.Т.Турлыбаев) шақыру учаскесіне себегісіз келмеген жағдайда әскерге шақырылушыларды аудандык инспекторлар арқылы іздесгіру ұйымдастырылсын. Әскерге шақырылушыларды әскер қтарына аттандыру кезінде әскери комиссариаттың тапсыруы бойынша қоғамдық тәртіптің сакталуын қамтамасыз ету үшін қосымша нарядтар бөлсін.
Тармақ 5
5. Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Б.Ұ.Мұстафаев) әскерге шақырылушылардың жеке іс-қағаздарын толтыру үшін әскери комиссариатқа техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі саясат бөліміне (Д.У. Сағындықова) әскер қатарына шақыру кезіндегі жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы бөліміне (А. Омаров) аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру, тасымалдау және әртүрлі қажетті шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен қарастыру жүктелсін.
Тармақ 8
8. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 1340, 2005 жылғы 4 карашадағы мемлекеттік тіркеу № 5-6-9 “1978-1987 жылы туған азаматтарды 2005 жылдын қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” қаулысының кұші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бакылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Т. Әзімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен заңды күшіне енеді. Аудандық орталық аруханасының бас дәрігері А. Көтелбаев