Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к Дню Победы в Великой Отечественной войне в 2006 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында 2006 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралу» Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 16 наурыздағы № 28/4 «Теміртау қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы 25 сессиясының № 25/5 «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 8-3-17 нөмірмен тіркелген) шешіміне өзгертулер енгізу туралы»» шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген азамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына көрсетілген, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2006 жылдың 1 сәуіріне дейін есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің көлемі белгіленсін және төленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 5000 теңге көлемінде;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы ерлік еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғаларға 2000 теңге көлемінде;
Тармақша 3
3) Ленинград қаласы қоршауда болған кезде қала кәсіпорындарында, мекемелерінде жұмыс істеген азаматтарға және «Ленинградты қорғаганы үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға 2000 теңге көлемінде;
Тармақша 4
4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастарының құрған тұтқындар ұстайтын лагерьлерінің, геттолардың және басқа да күштеп ұстау орындарында ұсталған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына 2000 теңге көлемінде;
Тармақ 3
3. Біржолғы материалдық көмекті «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу Орталығының Теміртау филиалының 2006 жылғы 1 сәуірдегі базасымен салыстырған тәзәм бойынша төленсін.
Тармақ 4
4. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмекті уақытылы белгілеуді және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Криннаяға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ю.Ким 25.04.2006ж. КЕЛІСІЛДІ: «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Кроут 25.04.2006ж. КЕЛІСІЛДІ: «Теміртау қаласының экономика және бюджет жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Қонақаева 25.04.2006ж.