Азаматтарды кезекті 2006 жылғы көктемгі және күзгі жедел міндетті әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды кезекті 2006 жылғы
көктемгі және күзгі жедел міндетті
әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 -бабының, 1 -тармағының, 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабының, 3-тармағын орындау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кезекті әскери міндеттен түрлі жағдайларға байланысты босатылмаған 1979- 1988 жылдары туылған азаматтар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруға және жіберуге басшылық жасау, оны қадағалау үшін қалалық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда құрылсын:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - Кентау қалалық қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Әліманов Бауыржан Бейсенбекұлы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Нақыпов Молдабай Зайырұлы - Кентау қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша);
Қалмұрзаев Сәрсенбек Рахымшаұлы - дәрігер-лор, медициналық комиссияның төрағасы, (келісімі бойынша).
Жүсіпова Гүлнар Рәтбекқызы - комиссия хатшысы (келісімі бойынша);
Тармақ 3
3. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Әмірхан - келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің жоспары мен есебіне сәйкес, әскерге шақырылушылардың флюорография, зәр, үлкен дәрет, ВИЧ анализін және қанның тобын анықтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің ғимаратында шақыру комиссиясының жұмыс істеу кезінде шақырушылардың электрлі кардиограммадан өтілуін қадағалау;
Тармақша 3
3) Қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің сұранысы бойынша, әскерге шақыру орнын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Әскерге шақырылушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын құрып, бекіту;
Тармақша 5
5) Жоғарыдағы бекітілген қызметкерлерді негізгі жұмыстарынан әскерге шақыру кезінде босату, жұмыс орны, қызметі, орташа айлық жалақысы сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында медициналық жәрдеммен қамтамасыз етіп, жастарды әскери қызметке даярлау;
Тармақша 7
7) Әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қалалық мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының және ұйымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) 18-27 жасқа дейінгі азаматтар жөнінде қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге мәлімет беру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, әскери қызметке шақырылушылардың дер кезінде қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге шақырылуын қатаң қадағалау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Ащысай, Хантағы, Байылдыр елді-мекендері мен Қарнақ ауылының әкімдері (Сүлейменов Жандос, Ахметов Есенкелді, Сәдуақасов Жомартбай, Юлдашев Мамыржан) заң талаптарына сәйкес, өз аумағына қарасты 1979-1988 жылдары туылған азаматтарды іс-сапардан (демалыстан) қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің тізімі бойынша шақыру қағазында көрсетілген мерзіміне сәйкес шақырып алып, ұйымдасқан түрде қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөліміндегі шақыру пунктіне уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қалалық ішкі істер бөліміне (Рахиев Уәлихан - келісімі бойынша) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру кезінде көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүру ережесін қадағалау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, әскери қызметтен қашып жүргендерді іздестіру жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 7
7. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Кривенцов Виктор):
Әскерге шақырылушылардың арасында бұқаралық қорғау жұмыстарын нығайту және спорт түрлерінен разрядтарын көтеру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» сәйкес, бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын төлеу, техникалық жұмыскерлер, хатшылар, қызметкерлер, автокөлік шығындарының барлығы жергілікті бюджеттің
есебінен жүргізілсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын қадағалау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Кривенцова Маржан Қазыбайқызына жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы қалалық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап, күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы,
2006 жыл «27» 04
_________ қолы
Рахиев Уәлихан Рысбекұлы
Қалалық ішкі істер бөлімінің
бастығы
2006 жыл «27» 04
_________ қолы
Сандыбаев Әмірхан Тұрғанбайұлы
Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің
бастығы
2006 жыл «27» 04
_________ қолы