О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының № 148-11 33 бабына сәйкес, су тасқынына ұйымшылдықпен, шығынсыз өткізу, судың тым жайылып кетуін жібермеу, тұрғындарды, шаруашылық дүниелерін, ауыл шаруашылық жайылымдарды сақтап қалу үшін және Аршалы аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 38 қаулысын негізге ала отырып Александров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауыл округінде су тасқынына қарсы шаралардың жүзеге асуын басқарып ұйымдастыру және қалыптастыру үшін тиісті штаб округ әкімі Б.Т.Акшинеевтің басқаруымен құрылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Су тасқынын шығынсыз өткізуді дайындау шараларының жоспары бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Су тасқыны туралы штабқа, ауыл шаруашылық құрылымдардың, мекеме, ұжымдардың басшыларына көзделген шаралардың жүзеге асуын сөзсіз камтамассыз ету жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдыра.
Тармақ 5
5. Шешім Аршалы ауданының басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Александров ауылдық округіне қарасты су тасқынына қарсы жұмыс жүргізетін штабтың ҚҰРАМЫ:
2006 жылғы 3 сәуірдегі
№ 4 Александров ауылдық
округі әкімінің шешіміне
№ 1 қосымша
Александров ауылдық округіне қарасты су тасқынына қарсы жұмыс жүргізетін штабтың ҚҰРАМЫ:
Тармақ 1
1. Ақшинеев Бекет Тұрсынханұлы - Александров ауылдық округінің әкімі, штаб бастығы.
Тармақ 2
2. Болховитин Виктор Васильевич - «Агрофирма Поиск» ЖШС бас директоры.
Тармақ 3
3. Елюбаев Жақсылық Қабдылбекұлы - АІІБ учаскелік инспекторы
Тармақ 4
4. Таргонский Иван Васильевич - Округтің мал дәрігерлік инспекторы.
Тармақ 5
5. Федоров Евгений Александрович - «Агрофирма Поиск» ЖШС бас инженері.
Басқа 12. 2006 жылғы көктемгі су тасқынын шығынсыз өткізу шараларының ЖОСПАРЫ
2006 жылғы 3 сәуірдегі
№ 4 Александров ауылдық
округі әкімінің шешіміне
№ 2 қосымша
2006 жылғы көктемгі су тасқынын шығынсыз өткізу шараларының ЖОСПАРЫ
№
п/п
Шаралар
Орындау
мерзімі
Орындаушылар
1.
Су тасқыны туралы штаб құру, үйлерді, шаруашылық объектілерді су астында қалдырмау, тұрғындардың өмірлік жағдайларын қамтамассыз ету.
2006 жылдың 10.04. дейін
Әкім, мекеме, ұжым басшылары
2.
Су тасқынын шығынсыз өткізуді дайындап қамтамассыз ету шаралардың жоспарын дайындау.
2006 жылдың 10.04. дейін
Тасболатов Е.Ә. Бас маман
3.
Су жайылымы күшейетін болса мекеме, ұжымдардың жұмысшылары мен қызметкерлеріне және халыққа уақытында хабар жеткізу тәсілдерін анықтау.
10 күн ішінде
Штаб
4.
Су тасқыны кезінде ескерту және төтенше жағдайларды ойдағыдай өткізу шараларын анықтау, құтқару және басқа да күрделі жұмыстарды жүргізу үшін қажет керекті күш пен қаруды тиянақтау, керегінде штаб мүшелерінің және басқа да жауапты адамдардың кезекшілігін ұйымдастыру.
2006 жылдың 10.04. дейін
Су тасқыны туралы штаб
5.
Шығынсыз су тасқынын, еріген суларды өткізу үшін тиісті жерлерді, өзен бойларын тазалау.
20.04.06 жылға дейін
Штаб, Федоров Е.А.
6.
Дайындық жұмыстардың барысы туралы аудандық су тасқыны туралы штабқа 10 сәуірде, ал көзделген шаралардың жүзеге асқанын 2006 жылғы 15 сәуірде хабарлау.
Штаб