О противопаводковых мерах весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардың 148 - II “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекетті басқару туралы” Заңының 33 бабы мен Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 15 наурызындағы № 38 қаулысына № 1-4-70 сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері, нысандарын, коммунмкация желілерін және ауыл шаруашылық желілерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Округ аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына штаб қүрылсын.(1 қосымша)
Тармақ 2
2. Ауылдық округ аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынына қатерсіз өткізу және оған дайындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.(2 қосымша).
Тармақ 3
3. Ауылшаруашылық құрылымдар басшыларына:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстары жүргізілсін.
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамыз етсін;
Тармақша 3
3) Ауылдық округтің барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындалсын (анықталсын);
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың қимылын және зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшін қажетті жанар - жағар май және басқа материалдық - техникалық құралдардың қажетті резерві жасалсын;
Тармақ 4
4. Тасқын су кезіндегі төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын жасауды қарастырылсын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен қаражатты анықтасын. Штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын;
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Шешім Ақмола облысы Аршалы ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Келісілген
ЖШС “Поиск” агрофирмасы
бас дирекфррының орынбасары
Гусев А.Я.
2006 жылғы «7» сәуір
Басқа 12. Су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Аршалы ауданы
Красноозер ауылдық округі әкімінің
2006 жылғы 7 сәуірдегі № 3
«2006 жылғы көктем мезгіліндегі су
тасқынына қарсы шаралар туралы»
шешіміне 1 қосымша
Су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Липчанская Татьяна Валентиновна – Красноозер ауылдық округінің әкімі штабтың бастығы
Литвин Татьяна Владимировна – Ауылдық округтің маманы
Штаб мүшелері:
Гусев Александр Яковлевич – ЖШС «Поиск» агрофирмасы бас директорының орынбасары
Ковтун Владимир Иванович - ЖШС «Поиск» агрофирмасының бас инженері
Жайлибаева Алия Маутхановна – Дәрігерлік-отбасылық емзананың меңгерушісі
Басқа 13. Красноозер ауылдық округ аумағында 2006 жылдың көктем мезгіліндегі су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
Аршалы ауданы
Красноозер ауылдық округі әкімінің
2006 жылғы 7 сәуірдегі № 3
«2006 жылғы көктем мезгіліндегі су
тасқынына қарсы шаралар туралы»
шешіміне 2 қосымша
Красноозер ауылдық округ аумағында 2006 жылдың көктем мезгіліндегі су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
1.
Округта су тасқынына қарсы штабтар құру, тұрғын үйлерде, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолдану, округ халқының және объектілердің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі
«Поиск» ЖШС агрофирмасы
2.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кету және су астында қалудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарын әзірлеу.
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі
«Поиск» ЖШС агрофирмасы
3.
көктемгі кезеңде жолдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар және көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу. Жанар-жағармай материалдарының, қажетті материалдық-техникалық құралдардың (құрылыс материалдары, ағаш, тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдысы) қорын жасау. Су тасқыны кезеңінде жол техникаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу. Жолдың жамылғы түрлеріне байланысты округтік автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысын шектеу. Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отыру, төтенше жағдайлар туындап, қауіп туғызған кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату, автожолдардың ең қауіпті участоктарына қосымша жол ескертпе белгілерін қою туралы шешім қабылдау және ол жөнінде округтік су тасқынына қарсы штаб басшылығына хабарлау.
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі
«Поиск» ЖШС агрофирмасы
4.
Тұрғындардың ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және төтенше жағдайлар аумағынан көшіру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлерді дайындау.
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі
«Поиск» ЖШС агрофирмасы
5.
Ауыл шаруашылық малдары үшін жем- шөп қорын әзірлеу. Алдын алу шараларын өткізу және астық қоймаларындағы астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтауды қамтамасыз ету.
Мал қораларында және коймаларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізуді дер кезінде қамтамасыз ету.
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі «Поиск» ЖШС агрофирмасы
6.
Елді мекендермен,аса маңызды гидротехникалық қүрылыстармен және шаруашылық объектілерімен түрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерді қорғауды қамтамасыз етілсін. Су тасқыны аумағында қалатын шаруашылықтармен байланыс жасайтын резерв көздерін қарастыру.
Су тасқынының барлық қауіпті кезеңіне
Ауылдық округінің әкімдігі «Поиск» ЖШС агрофирмасы
7.
Су тасқынына қарсы шаралардың
орындалуына бақылауды жөне жалпы
үйлестіруді қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою
үшін олардың қай меншік түріне
жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жүмылдыру
Су тасқынының
барлық қауіпті
кезеңіне
Ауылдық
округінің
әкімдігі
«Поиск» ЖШС
агрофирмасы