О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды алдын алу жөнінідегі шаралар туралы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және төтенше жағдайларды алдын алу, 2006 жылдың көктемгі кезеңінде аудан инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың көктемгі кезеңінде төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері меншік нысандарына қарамастан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшыларымен бірігіп су астында қалмауын, тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерін бұзылу мүмкіндігін, адамдар мен жануарлардың опат болуын алдын алу жөніндегі іс-шараларын әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы су тасқынына қарсы іс-шараларды алдын алу мен өткізу үшін Қарасу ауданы әкімдігінің резервінен 556 500 (бес жүз елу алты мың бес жүз) теңге сомасында қаражаттар бөлсін.
Тармақ 4
4. «2004 жылғы көктемгі су тасқынның мерзімінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қарасу ауданы әкімиятының 2004 жылғы 11 наурыздағы № 45 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2849, 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 7, 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 8 «За изобилие» аудандық газеті) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды төтенше жағдайларды алдын алу мен жою жөніндегі аудандық комиссиясына (К.М. Әбікенов) жүктелсін.
Басқа 6