Об охране и защите лесов Карабалыкского района в пожароопасный период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың өрт қауіпі бар кезеңдерде Қарабалық ауданының ормандарын күзету және қорғау туралы Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 63 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 699 «Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы» каулысына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 16, 25 баптарына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 268 "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі Ережесін бекіту туралы" Бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және Қарабалық ауданының аумағында өртті сөндіруге қатынасушы жедел қызмет және әр түрлі нысандағы меншік субъектілері арасында адамдар мен техниканы уақытылы іске жұмылдырудың өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылык қалыптастыру ұйымдарының басшыларына олардың аумақтарында пайда болған ірі ұзақ және күрделі өртті сөндіруде, сондай-ақ шұғыл штаптың талабы бойынша инженерлік техниканы, өртке қарсы жабдықтарды, жанар-жағар май материалдарын, азық - түлікті, жылыту ғимараттарын, телефондық байланысты апатты-құтқару жұмысын орындауда береуді ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданының ормандарында өрт пен химиялық күюдің алдын алу есебінде, орман мен жануарлар дүниесін күзету мен қорғауға, өрт саны мен одан келегін зияндар мөлшерін тұрақты түрде азайтуға бағытталған іс -шараларының жоспары бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Кент және селолық округтерінің әкімдеріне, «Қостанай обласының табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу Департаментінің ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Михайлов мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне (Шарафеев И.И., келісім бойынша), "Карабалык аудандык ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Сейткулов М.Т., келісім бойынша), «Қостанай облысы бойынша өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалы Қарабалық кентінің 13 - Өрт бөліміне (Өтесбаев М.А., келісім бойынша), «Қарабалық ауданының тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылық көлігі және автомобильдік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Қашапов Р.Г., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 2005 жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде өрт сөндіру және орман мен дала өрттерін сөндіруге, ауыл шаруашылық және орман кәсіпорындарының көлік техникаларын тарту тетіктерінің жоспарлары жасалсын және бекітілсін;
Тармақша 2
2) өрт қаупі бар кезеңде инженерлік техника, жанар-жағап май материалдарының резервін құруын қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) орман иелерінің орман ішінде барлық ережелерді сақтай отырып өрт қаупін азайту мақсатында әдейі жасаған өрт шараларынан басқа орман аймақтарында және оған жакын, жалғасып жатқан барлық жерлерде өсімдік қалдықтарын жағуға және қандайда болмасын от қоюына тыйым салынсын;
Тармақша 4
4) аса жоғары өрт қаупі бар кезеңде оз уақытында мемлекеттік орман қорынын аумағына рұксатсыз өтулеріне тек қою туралы шешімдерді қабылдау және олардың орындалуы қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) орман және жануарлар дүниесін өрттерінен сақтану, олардың қауіптілігімен ормандарда орт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру жұмысы бұкаралык акпарат аркылы ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. «Қарабалық ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Булдакова Л. Д., келісім бойынша) 2006 жылдың өрт қауіпсіздігі кезеңінде іс-шараларының қаржыландыруы шығын сметасына сәйкес - 50 000 (елу мың) теңге жүзеге асырылсын (2 қосымша).
Тармақ 5
5. Әкімдіктің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 232 «2005 жылдың әрі қаупі бар кезеңдерде Қарабалық ауданының ормандарын күзету және қорғау туралы» каулысының, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3493 ("Айна" 2005 жылғы 01.09 № 30) күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ш. Жақыповка жүктелсін.
Басқа 12
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 115 қаулысымен бекітілген 1-қосымша
Басқа 13
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 115 қаулысымен бекітілген 2-қосымша