Қолданыстағы ред. 02.05.2006

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы от 02.05.2006 г. № 109 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында, кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қостанай облысы әкімідігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3547, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды мерзімдік әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. 1-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.

3

3. 2-қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақырылушылардың шақыру комиссиясынан өту кестесі бекітілсін.

4

4. 3-қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақырылушыларды уақытылы хабардар ету және шақыруға келмеген тұлғаларды іздестіру тобы құрылсын, ол көлік құралдарымен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілсін.

5

5. Селолар мен селолық округтердің әкімдері:

1

1) әскерге шақырылушылардың дер кезінде хабардар етілуін және ауданның шақыру учаскесіне азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесіне сәйкес келуін қамтамасыз етсін;

2

2) әскерге шақырылушыларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшін арнаулы жабдықталған көліктермен жүргізсін;

3

3) әскери қызметті өтеуге жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын.

6

6. Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Ж.М. Досмағамбетова) (келісім бойынша) шақыру кезеңінде:

1

1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен, мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен жабдықтау жөніндегі жұмысты;

2

2) әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеру, емдеу үшін аурухана палаталарында он орын бөлуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова) (келісім бойынша) және «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» (Г. Е. Әбенова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерінің бастықтары аудандық шақыру учаскесіндегі техникалық жұмыстар үшін, жалақыларын және қызмет орындарын сақтай отырып, екі қызметкерден бөлсін.

8

8. «№ 26-шы кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесінің директорына (Ж.М. Шаяхметова) (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу үшін автобус бөлу ұсынылсын.

9

9. «Науырзым аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қ.Қ. Бақтыбергенов) (келісім бойынша) шақыруды жүргізу және командаларды жіберу кезеңінде:

1

1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

2

2) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін учаскелік полиция инспекторларын жіберу;

3

3) аудандық шақыру учаскесінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция жасағын бөлу;

4

4) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін полиция инспекторын бөлу ұсынылсын.

10

10. «Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Г.Д. Тасқымбаева) (келісім бойынша) «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (Р.Т. Бөдекенова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерінің бастықтары әскерге шақыруды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.

11

11. Аудан әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2005 жылғы 5 қазандағы № 218 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-21, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 31 аудандық "Науырзым" газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

12

12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Кәженовке жүктелсін.

22. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 109 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Арман Сапабекұлы Тлегенов - «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Сертай Шәймерденұлы Шарафиев - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Болат Есімсейітұлы Тасқымбаев - «Науырзым аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Рсалды Жабағықызы Бадығұлова - Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі карай - «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» МКҚК) дәрігер-терапевті, медициналык комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Бағытжамал Бірәліқызы Вазиева - «Науырзым аудандыұ орталық ауруханасы» МКҚК медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

23. Әскери қызметке шақырылушылардың шақыру комиссиясынан өту КЕСТЕСІ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 109 қаулысына 2-қосымша
Әскери қызметке шақырылушылардың шақыру комиссиясынан өту КЕСТЕСІ
Рет
саны
Селолар мен селолық
округтердің атауы
Келетін күндерге сәйкес азаматтардың саны
Барлығы
2006
жылғы
3 сәуір
2006
жылғы
4 сәуір
2006
жылғы
5 сәуір
2006
жылғы
6 сәуір
Резервтік күндер
2006
жылғы 25 сәуір
2006
жылғы 26 сәуір
2006
жылғы 15 мамыр
2006
жылғы 16 мамыр
1.
Буревестник селолық округі
38
38
2.
Дәмді селолық округі
6
6
3.
Қарамеңді селолық округі
41
41
4.
Мереке селолық округі
5
5
5.
Науырзым селолық округі
3
3
6.
Раздольный селосы
14
14
7.
Өлеңді селолық округі
6
6
8.
Шилі селосы
18
18
9.
Шолақсай селолық округі
23
23
Жиынтығы:
41
37
44
32
154

24. Әскери қызметке шақырылушыларды уақытылы хабардар ету және шақыруға келмеген тұлғаларды іздестіру тобының Қ Ұ Р А М Ы

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 109 қаулысына 3-қосымша
Әскери қызметке шақырылушыларды уақытылы хабардар ету және шақыруға келмеген тұлғаларды іздестіру тобының Қ Ұ Р А М Ы
Сұлтанбек Сайранұлы Байтукенов - «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім-шартты әскери қызметке жинау және шақыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Болат Есімсейітұлы Тасқымбаев - «Науырзым аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Татьяна Павловна Чистик - «Науырзым ауданы Буревестник селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы
Сүлеймен Дүйсенұлы Искаков - «Науырзым ауданы Дәмді селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Марат Шөпшібайұлы Жантасов - «Науырзым ауданы Қарамеңді селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Ұлтуған Қанашқызы Қожахметова - «Науырзым ауданы Науырзым селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Елтай Қабыкенұлы Көпейшин - «Науырзым ауданы Мереке селолык округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Күләйім Мырзаханқызы Нұртазина - «Науырзым ауданы Раздольный селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Қабидолла Қангелдіұлы Орманов - Өлеңді селолық округінің әкімі
Лидия Степановна Кандаурова - «Науырзым ауданы Раздольный селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Гүлбану Дәулетбайқызы Біржанова - «Науырзым ауданы Шилі селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы