Об организации и обеспечении проведени очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылгы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына сәйкес және Қостанай облысы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылы сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 қаулысы негізінде (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2006 жылғы 2 мамырдағы нөмірі 3547 болып тіркелген) Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жастарды әскери қызметке даярлау және мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу Ережесі» 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 қаулысының талаптарына сәйкес 1988 жылы туған және одан ересек жастағы әскерге шақырылуды кешеуілдете тұратын құқығынан айырылған азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыруды өткізу кезеңінде косымшаға сәйкес шақыру комиссиясының құрамы құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Айсин Д.С. келісім бойынша) ұсынылсын;
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясына шақырылушылардың болу кестесі құрылсын және бекітілсін, оны орындаушыларға жеткізсін;
Тармақша 2
2) жеке автокөлігімен жүргізушіні және техникалық жұмыскерлерді уақытша жұмысқа қабылдасын.
Тармақ 4
4. Селолық округтер, селолар, Затобол кенті әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру және медициналық комиссиясына шақырылушылардың болуын хабарлау;
Тармақша 2
2) қосымша медициналық тексеруге жіберілген шақырылушылар үшін бақылау;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өткізу үшін әскерге жөнелтуге жататын шақырылушыларды салтанатты шығарып салу бойынша шараларды өткізу.
Тармақ 5
5. «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Михайличенко В.И. келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне дәрігер мамандар және орта медициналық тұлғалардың болуы;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін орынға 10 кереует;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеру мен емделуге жіберілген шақырылушылар үшін бақылау;
Тармақша 4
4) белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық құралдармен, заттармен медициналық комиссияны жинақтастыру.
Тармақ 6
6. «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Дүскенов Н.Т. келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) командаларды жөнелту уақытында, шақыру комиссиясына өту кезеңінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне екі полиция қызметкерін бөлсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметтен жасырынып, бас тартып жүргендерді іздестірсін, ұстау жұмыстарын жүргізсін, іздестіруге, ұстауға, жеткізуге кеткен шығындар ұсталғандар есебінен өтесін.
Тармақ 7
7. Қостанай ауданы әкімиятының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В. Осадчая) қаржы бөлу шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылы сәуір-маусымда кезекті шақыруды жүргізу және ұйымдастыру бойынша шаралардың қаржыландыруын өткізсін.
Тармақ 8
8. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы» 2005 жылғы 6 қазандағы № 547 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 12 қарашадағы нөмірі 9-14-16 болып тіркелген) күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Басқа 21. Комиссияның негізгі құрамы
Қостанай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 4 мамырдағы
№ 283 қаулысына қосымша
Комиссияның негізгі құрамы
Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Досжанов Амангелді Чапайұлы - Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Малык Татьяна Александровна - «Қостанай аудандық орталык аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның көз-дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Жакупов Марат Жұмағалиұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Колотова Людмила Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Никифоров Сергей Геннадьевич - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Белова Нина Константиновна - Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысы, орынбасары
Карагодина Вера Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның дәрігер-терапевті (келісім бойынша)
Шахметов Ерболат Амангелдіұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Шерер Зинаида Федоровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)