Об организации мероприятий по предупреждению и ликвидации крупных пожаров природного и техногенного характера в Аулиекольском районе на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2006 жылы табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерден сақтандыру және жою бойынша шаралар ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілкті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 «Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жәні жедел басқаруды жақсарту, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру, өртке қарсы құрылымдардың үнемі әскери даярлығын қамтамасыз ету, ірі өрттерді сөндіруде күштер мен құрал-жабдықтарды жедел жұмылдыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерді жою мақсатында өртке қарсы құрылымдарды жедел басқару Әулиекөл ауданында төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі аудандық комиссияға жүктелсін (өрт сөндірудің жедел штабы).
Тармақ 2
2. Село, поселке, селолық округтер әкімдері, шаруашылық объектілерінің басшылары өрт сөндіру үшін техниканы техникалық жағынан түзу жағдайға жеткізсін, қысқы кезеңде тиісті техникалық жағдайда пайдалануға келетін жылы жайларга орналастырып, жеке құрам үшін тұрмыстық жағдай жасасын.
Тармақ 3
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, меншік және ведомстволық түріне қарамастан, орманды жерде және оған енетін жерлердің аумағында өндірістік алаңы және демалыс алаңы болған жағдайда, өрт шығысымен жедел ауданның мемлекеттік өрт қызметіне хабарласын және оны өз күшімен және құрал-жабдықтармен жоюға шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы Қостанай облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Қостанай қаласы Әулиекөл аудандық телекоммуникация торабы (М. Мұхаметов – келісім бойынша) өрт қаупі кезеңінде ауданның селолық округтерімен өрт сөндірудің оперативтік штабының кезексіз және жедел телефон байланысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы № 199 «Әулиекөл ауданында табиғи және техногендік сипаттағы ірі өрттерден сақтандыру және жою бойынша 2005 жылы шаралар ұйымдастыру туралы» (тіркеу № 3489, аудандық «Әулиекөл» газетінде 2005 жылғы 15 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі комиссияның төрағасы Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.