Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне в октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдырылуға құқығы жок, сондай-ак, шақырудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған, шақыру күні 18 жасқа толған ер жынысты азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссия құрамы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары шақыру және медициналық комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалык қызметкерлер мен шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген қызмет көрсетуші адамдардың орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы осы азаматтар жіберілетін ұйымдарда сақталатынын еске алсын.
Тармақ 5
5. «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорынына (М.В. Бисенова) аудандық медициналык комиссияны жетпейтін дәрігер - мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялык реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорганыс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.С. Жолдыбаев);
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін хабарландыру және іздестіру тобын құру;
Тармақша 2
2) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылғандарды алып баруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорынының әскерге шақырылғандарды алдын ала тексеруге кеткен шығынын аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен толтыру жөніндегі жұмыстар ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Селолық округтердің, селолардың әкімдері әскери шақырылғандардың «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандық шақыру және медициналық комиссиясына уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін және жеке бақылауына алсын.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Махамбетов) әскерге шақыруды жүргізу және командыға жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді, ұстауды жүргізсін және ұсталғандарды іздестіру және жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылғандар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтау үщін полиция тәулік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде, оларды шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін және автокөлік бөлсін.
Тармақ 9
9. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.Б. Никитченко) әскерге шақыруға байланысты іс-шараларды қаржыландыруды «Әскери қызметке шақыру және тіркеу жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша 2006 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Шақыруды өткізудің кестесі бекітілсін (2 қосымша бойынша).
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы сәуір - маусымда және қазан -желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», 2005 жылғы 10 мамырдағы № 261 (2005 жылғы 22 маусымдағы мемлекеттік тіркеу күні, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-8 «Авангард» газетінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 50 санында жарияланған) аудан әкімдігінің қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 13
13. Әкімдік қаулысы Жітіқара ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссиясының Құрамы
2006 жылғы 26 сәуір № 302 Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі қаулысына 1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының Құрамы Жолдыбаев Сәбит Сейітбекұлы - «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Мәлібеков Сейдолла Нығыметоллаұлы - «Жітіқара ауданының ішкі саясат белімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Мекебаев Болат Жаңабайұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі Істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Крекова Валентина Григорьевна - «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша); Қамытова Сәуле Жолтайқызы - «Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру тобы бастығының көмекшісі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 22. ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ
2006 жылғы 26 сәуірдегі № 302 Қостанай облысы Жітіқара ауданы қаулысына 2 қосымша ШАҚЫРУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ № р/с Елді мекендердің аттары Шақырылғандар саны Шақыру комиссиясының жүргізілу күні 1. Жітіқара қаласы 50 2006 жылғы 2 мамыр 2. Жітіқара қаласы 50 2006 жылғы 3 мамыр 3. Жітіқара қаласы 50 2006 жылгы 4 мамыр 4. Жітіқара қаласы 50 2006 жылгы 5 мамыр 5. Жітіқара қаласы 50 2006 жылғы 6 мамыр 6. Пригородный селолық округі 17 2006 жылғы 10 мамыр 7. Жалтыркөл селосы 3 2006 жылғы 10 мамыр 8. Волгоград селосы 10 2006 жылғы 10 мамыр 9. Мүктікөл селолық округі 9 2006 жылғы 10 мамыр 10. Тимирязев селосы 5 2006 жылғы 10 мамыр 11. Милютин селосы 5 2006 жылғы 10 мамыр 12. Чайковский селолық округі 8 2006 жылғы 11 мамыр 13. Жітіқара селолық округі 3 2006 жылғы 11 мамыр 14. Шевченковка селосы 6 2006 жылғы 11 мамыр 15. Забелов селосы 17 2006 жылғы 11 мамыр 16. Большевик селолық округі 10 2006 жылғы 11 мамыр 17. Аққарға селосы 14 2006 жылғы 12 мамыр 18. Тоқтаров селолық округі 10 2006 жылғы 12 мамыр 19. Приречный селосы 14 2006 жылгы 12 мамыр 20 Ырсай селосы 4 2006 жылғы 12 мамыр 21. Степной селосы 8 2006 жылғы 12 мамыр 22. Жітіқара қаласы 50 2006 жылғы 13 мамыр