Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанындакезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында жасы 18-ден 27-ге дейінгі шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқықтары жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Э.М. Ғалымжанов) келісім бойынша ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды медициналық тексеру үшін клиникалық және сарапшылық практикада өтілі бар тәжірибелі дәрігер-мамандарды, сондай-ақ орта буын медициналық жұмыскерлерді жіберу;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушылар үшін алдын-ала тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) емдеу-сауықтыру мекемелерінде қалалық әскерге шақыру комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылар үшін кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезеңінде шақыру пунктінде жұмыс істеу үшін тартылатын медициналық персоналға жұмыс орындарының, атқаратын қызметтерінің және орташа айлық еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Алдабергенов) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) уақытша жұмысқа он бір техникалық жұмыскерлер мен жеке көлігі бар екі жүргізуші қабылдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарынажіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) екі техникалық жұмыскер мен жүргізуші құрамында оларға еңбекақы төлеумен әскерге шақырылушыларды құлақтандыружәне ізде тобын құру.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Ағайдаров), «Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ю. Мелихов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақыруды өткізу уақытына әскерге шақырылушылардықұлақтандыру және ізде тобын күшейту үшін күнделікті полиция қызметкерін бөлу;
Тармақша 2
2) әскери міндеттен жалтарып жүрген тұлғаларды іздеуді, ұстауды жүргізсін. Ұсталған әскерге шақырылушыларды іздеп табумен жеткізу бойынша шығындарды төлеу сол тұлғалардың есебінен жүргізіледі;
Тармақша 3
3) командаларды жіберу уақытында Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасындағы әскерге әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілігін тағайындау.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Л.С. Кураева):
Тармақша 1
1) 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті әскерге шақыруды ұйымдастыр және өткізуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруды «Мемлекеттік сатыпалу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүргізсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновке жүктелсін.
Басқа 19. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің
2006 жылғы 20 сәуірдегі
№ 799 қаулысына
қосымша
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
АЛДАБЕРГЕНОВ МЕЙРАМ ҚАПАНҰЛЫ - Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының бастығы, төраға
ЯНКИН ЛЕОНИД НИКОЛАЕВИЧ - Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі, орынбасар
БУШМАКИН ОЛЕГ НИКОЛАЕВИЧ - Қостанай қаласының Оңтүстік ішкі істер бөлім бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
ШЕРЕМЕТ СВЕТЛАНА ВАСИЛЬЕВНА - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрайымы
(келісім бойынша)
КҮНТУАРОВА АЙЖАН ОМАРҚЫЗЫ - медициналық мейірбіке, комиссиясы хатшысы
(келісім бойынша)
МҰКАШЕВ АСЫЛХАН ӘШІМХАНҰЛЫ - Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы
бастығының орынбасары, төраға
ТЁ ВАЛЕНТИНА ДМИТРИЕВНА - Қостанай қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың
құқығын қорғау жөніндегі жауапты хатшысы, орынбасар
ӘБДІРАХМАНОВ ҚАБДҰЛХАН ҚАБДЕНҰЛЫ - Қостанай қаласының Солтүстік ішкі істер бөлім
бастығының орынбасары (келісім бойынша)
ДЖҮСІПБЕКОВ ХАМИДОЛЛА КӘРИМҰЛЫ - дәрігер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
РЫСПАЕВА АЙЖАН АМАНБАЙҚЫЗЫ - медициналық мейірбіке, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)