Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле - июне, октябре - декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссия жұмысы ұйымдастырылсын және сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтардың мерзімділік әскери қызметке шақырылуы 2006 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру мерзіміне аудандық комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. «Таран аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері П.П. Саенко (келісім бойынша) әскерге шақырылғандарды дәрігерлік куәландыру өткізу ушін:
Тармақша 1
1) дәрігерлік куәландыру өткізу үшін дәрігер-мамандар және орта дәрігер қызметкерлер бөлсін, дәрігерлік комиссияны қажетті дәрігер мамандармен қамтамасыз ету үшін облыстық денсаулық сақтау Департаментіне өтініш жіберсін;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандар қажетті құралдармен қамтамасыздандырылсың;
Тармақша 3
3) клиникалык және флюорографиялық тексерулер, дәрігерлік куәландыру аудандық шақыру комиссия жұмысының кестесіне сәйкес, бір күнде болсын (2 қосымша);
Тармақша 4
4) комиссия жұмыс кезенінде стационарлық тексеру өткізу үшін ең азы 10 төсек орын бөлсін, кезектен тыс амбулаториялык және стационарлық тексеру өткізу үшін жағдайлар жасалсын.
Тармақ 4
4. Юбилейный, Евгенов селолары, Тобыл кенті, селолық округтерінің әкімдері:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сай әскерге шақырылғандарды елді тасымалдауға арналған көлікпен село, кент, селолық округ әкімі аппараттарының әскери - есеп үстелі мамандары «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алып келуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді шақырып, әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ы.И. Нархов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды ұстауды және іздестіруді қолданылып жүрген заңнама шегінде жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесінін аумағында тәртіпті, Қостанай қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне, әскерге шақырылғандарды жеткізуге бөлінген машина саптарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жасағын бөлсін.
Тармақ 6
6. «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінін бастығы М.Т. Түгелбаев (келісім бойынша) әскерге шақырылғандардың құжаттарын рәсімдеу және шақыруды сапалы өткізу үшін екі жұмыскер қабылдансын.
Тармақ 7
7. «Таран ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.С. Пирог (келісім бойынша) әскерге шақырулы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген каражат шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Мына қаулылардың күші жойылған деп есептелсін:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 6 мамырдағы № 145 Таран ауданы әкімдігінің қаулысы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы сәуір-маусымында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-2, «Шамшырақ» 2005 жылғы 3 маусым № 22);
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 257 Таран ауданы әкімдігінің қаулысы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-10, «Шамшырақ» 2005 жылғы 14 қазан № 42, «Шамшырақ» 2005 жылғы 21 қазан № 43).
Тармақ 9
9. Осы қаулының жүзегс асырылуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж. Бисимбаевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы каулы 2006 жылдын 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Басқа 21. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
2006 жылғы 25 сәуірдегі № 114
әкімдік қаулысына 1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Марат Теңізбайұлы Түгелбаев - «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссияның төрағасы
Жанабай Жолтайұлы Бисимбаев - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Мирамгүл Серікбайқызы Жұсупова - Қарулы Куштерінің қызметкері, комиссияның хатшысы
Николай Владимирович Лебедев - «Таран аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы
Николай Васильевич Пархоменко - «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Николай Владимирович Лебедев - хирург-дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы
Дариға Қуанышқызы Абдрахманова - фтизиатр-дәрігері
Нұржан Сүйндікұлы Абдрахманов - дерматовенеролог-дәрігері
Александр Ильич Коноваленко - терапевт-дәрігері
Людмила Степановна Коноваленко - окулист-дәрігері
Александр Қалиұлы Никитин - отоларинголог - дәрігері
Гулжихан Қожахметқызы Халитова - стоматолог-дәрігері
денсаулық сақтау департаментінен - невропатолог-дәрігері, психиатр-дәрігері
Басқа 22