Об утверждении порогового уровня для прохождения промежуточного государственного контроля обучающихся в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларының жалпы санының дұрыс жауаптары 50 %-ға тең, қалған барлық даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 35 %-ға тең шекті деңгей бекітілсін.
Тармақ 2
2. 25 % және одан астам мамандықтар бойынша мемлекеттік аралық бақылаудың шекті деңгейінен өтпеген білім алушылардың саны 7 % болған жағдайда жоғары оқу орны кезектен тыс мемлекеттік аттестатталуға жатады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3663 болып тіркелген, 2005 жылғы 15 қыркүйектегі "Заң газетінің" 169 нөмірінде жарияланған "2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 341 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы Б.С.Әбдірәсіловке жүктелсін.