О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31, 37 - баптарына сәйкес және еріген қар суын үйымшылдықпен, апатсыз өткізу және су тасқынын болдырмауға байланысты, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілері мен ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб аудан әкімінің орынбасары Л.Ж. Дүйсеновтің басшылық етуімен құрылсын (қосымша 1), су тасқыны кезеңінің толық өтуіне дейін, су тасқынына қарсы штаб мүшелерінің кезекшілік кестесі орнатылсын.
Тармақ 2
2. 3еренді ауданының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Селолық округ және кент әкімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Н.Ы. Құсайынов), «Зеренді- Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (С.Т.Есімов), аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі (Е.К. Жүсіпбеков) және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын қүрылыстардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның барлық шаруашылық саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күш пен құралдарды анықтап, үнемі дайындықта ұстасын, апаттан-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған техникалар үшін қажеті жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауіп немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет жасауға байланысты қызметтермен, құрылымдармен сабақ, жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ және кент әкімдері ведомстволық аумақтарда тасқын суға қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезіндегі төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын жасауды қарастырсын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен қаражатты анықтасын, штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын. Су тасқыны мерзімінің өтуі және төтенше жағдайлар пайда болған кезде қолданылған шаралар жөнінде ақпаратты күн сайын ауданның су тасқынына қарсы штабқа ұсынып отырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөлімі (С.Айтуғанов) ағымдағы жылы су тасқынына қарсы шараларды қаржыландыру үшін, бекітілген бюджетке сәйкес қажетті ақшалай қаражат бөлуді қарастырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Зеренді ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 наурыздағы №84-1 «2005 жылғы көктемгі су толқынына қарсы шаралар туралы», Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2005 жылы 11 сәуірде № 1142 тіркелген қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ж.Дүйсеновке жүктелсін.
Басқа 15. Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Қосымша 1 Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «01» 03 № 73 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» қаулысына Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы Дуйсенов Лашынтай Жасқайратұлы - аудан әкімінің орынбасары, штабтың бастығы Тасов Нұрлан Қуандықұлы - төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы, штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша) Есімов Асылбек Аманжолұлы - тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, штаб хатшысы Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Шкурихин Андрей Николаевич - 14 - өрт сөндіру бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Есімов Сағынай Ташенұлы - шаруашылық жүргізу құқығындағы «Зеренда-Севис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Шаріпов Ербол Рақымжанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Жаңғалов Мұратбек Баянұлы - 73-жол пайдалану учаскесінің бастығы (келісім бойынша) Зубань Олег Леонидович - аудандық телекоммуникациялар торабының директоры (келісім бойынша) Жұманов Серік Жанапияұлы - қорғаныс істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Айтуғанов Серікжан Бақытұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Жаңғалов Банұржан Баянұлы - Зеренді аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша) Овтин Анатолий Никанорович - «Зеренді-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) Нұрхан Мейрамбек Сағынбекұлы - мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Зеренді ауданы бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Жүсіпов Бейбіт Әйтімұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Баймырзин Серік Шахманұлы - қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша) Құсайынов Нұрым Ыбырайұлы -тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Басқа 16. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар ЖОСПАРЫ
Қосымша 2 БЕКІТІЛДІ Зеренді ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «01» 03 № 73 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» қаулысымен Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар ЖОСПАРЫ № Шаралар атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1 Селолық округтерде су тасқынына қарсы штабтарды құру 2006 жылдың 10 наурызы Селолық округ және кент әкімдері, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Н.Ы.Құсайынов 2 Төтенше жағдайларды алдын-алу, хапықты, және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кетуден қорғауға байлаи лоты шаралар жоспарын әзірлеу. Апаттал қорғау қызметтері мен күштері, аудандлқ жедел әрекет топтарын дайындау. Оларды жеке құраммен, техник:, мзн, кұрал-сайманмен және мүлікікн жабдықтауды қамтамасыз ету. 2006 жылдың 30 наурызына дейін Селолық округ және кент әкімдері, төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы Тасов Н.Қ. (келісім бойынша), тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Құсайынов Н.Ы. 3 Көктемгі кезеңде жолдың тазартылуын қамтамасыз ету, су өткізетін құрылғыларды тазалауға байланысты жұмыстарды жүргізу. Жанар-жағар май материалдарың, қажетті материалдық-техникалық құралдарының (құрылыс материалдары, ағаш, тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдыс) қорын жасау. Жолдарғы жағдайды анықтап және бағалап отырып, төтенше жағдайлар туындап, кауіп туғызған кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе оқтату, автожолдардың ең қауіпті учаскілерінде қосымша жол ескертпе белгілерін қоюды ұйымдастыру. Су тасқынының барлық кезеңіне Селолық округ және кент әкімдері, 73- жол пайдалану уческесінің бастығы Жанғалов М.Б. (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шәріпов Е.Р. (келісім бойынша), тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Құсайынов Н.Ы. 4 Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және ТЖ аумағынан көшіру мүмкіндігі үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлер дайындау. 2006 жылғы 1 сәуірге дейін Селолық округ және кент әкімдері, төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы Тасов Н.Қ. (келісім бойынша), барлық меншік нысандағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйым жетекшілері (келісім бойынша) 5 Ауыл шаруашылық малдары үшін жем-шөп қорын жасау. Мал қораларында және астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізуді дер кезінде қамтамасыз ету 2006 жылғы 1 наурызға дейін Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Е.Қ. Жүсіпбеков астық қабылдау кәсіпорындарының басшылары (келісім бойынша) 6 Елді мекендермен, аса маңызды гидротехника; құрылыстармен тұрақты және үзіліссіз телефон (радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Байланыс белгілерін тасқын сумен басудан қорғау бойынша шаралар қабылдау. Су тасқынының барлық кезеңіне Зеренді аудандық телекоммуникация дирекциясының бастығы (келісім бойынша). Подлесное селолық округінің әкімі Б.Р.Әубэкіров, Ақкөл селолық округінің әкімі А.Ф. Егоров, Содовое селолық округінің әкімі О.Қ.Мырзагелдинов 7 Аудан бойынша сенімді электр қуатын үзіліссіз және сенімді беріп тұруды қамтамасыз ету электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғауды жүргізу. Су тасқынының барлық кезеңіне «Зеренді-Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Овтин А.Н. (келісім бойынша) 8 Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылау және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету. Төтенше жағдайды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан, материалдық -техникалық ресурстарды жұмылдыру, Аудандық «Бірлік-Единство» газетінде су тасқыны кезеңде мүмкін болатын жағдайлар және бола қалған жағдайлар қимыл жасау тәртібі туралы мерзімін барлап отыру. су тасқынының барлық кезеңіне Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Құсайынов Н.Ы., төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы Тасов Н.Қ., «Зеренді-Инфо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Кушко В.Н. (келісім бойынша) 9. Су тасқыны кезінде су астында қалатын қауіпі бар мекендердің емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмектің, медициналық мүліктің қорын қамтамасыздандыру Су тасқынының барлық кезеңіне Зеренді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Б.Б.Жанғалов (келісім бойынша) 10 Су тасқыны кезінде аудан аумағында санитарлық эпидемиологиялық Жағдайға бақылауды күшейту. Су тасқынының барлық кезеңіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Зеренді ауданы бойынша бөлімінің бастығы М.С. Нұрхан (келісім бойынша)