2006 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2006 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы от 25.04.2006 г. № 61 (2006 жылдың сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы)
1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (Әшімов Т.О. келісім бойынша)
1) 2006 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында аудан аумағында 1979-1988 жылы аралығында туған, бірақ әскери қызметке шақырудан
кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды мерзімді әскерге қызметке шақыруды және жөнелтуді өткізсін:
2) Әскерге шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін:
Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбекова көшесі 37
3) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабы 3,4-тармақтарына сәйкес, әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер,және автокөлікпен қамтамасыз етілсін.
2. Жоғары айтылған Заңының 17-бабы 5 тармағына сәйкес, аудандық шақыру комиссиясы және оның резервтік құрамы құрылсын. (қосымша № 1)
3. Аудандық шақыру комиссиясы:
1) Өз жұмысында Қазақстан Республикасы 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,21,23,28 баптарын қолдансын.
2).Медициналық тексерісті 2006 жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызынан бастасын.
4. Аудандық аурухананың бас дәрігері (Үсенов А.О.келісім бойынша) әскери қызметке шақыру кезінде аудандық медициналық комиссиясына жоғары білікті мамандар мен орташа медициналық құрамды іріктеп алып, әскерге шақырушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлінсін. Шақыру комиссиясының жұмысқа тартылған маман дәрігерлердің, орташа медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы сақталсын.
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Ғали А.К. келісім бойынша)
1) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы 2 тармағына сәйкес, әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Ауылдық әкімдер Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабы 1 тармағына сәйкес, әскерге шақырушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін. (қосымша № 2).
7. Аудан басшылары әскерге шақырылғандарды уақытында комиссияға жеткізу үшін берілген кесте бойынша автокөлікпен қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, С.Қ. Аққожинаға жүктелсін.
Келісілді:
Аудан ІІБ А.Ғали
Аудандық аурухананың
бас дәрігері: А.Үсенов
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің
бастығы: Т.Әшімов.
Қорғалжын ауданының әкімдігінің
қаулысына 1 қосымша «25»
2006 ж № 61
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Әшімов Талгат Оралбекович - Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Каримова Қалима Мұсылманбековна - Мемлекеттік-құқықтық бөлім бастығы, шақыру комиссия төрағасының орынбасары.
Найманбаев Егинбай Казенович - Аудандық ІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Құсаинов Амірхан Ықласович - Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары медициналық комиссиясының төрайымы
Қайыржанова Жамал Ахметовна - Аудандық аурухананың медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕЗЕРВ ҚҰРАМЫ:
Аскаров Еркін Актаевич - Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары,шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Сыздыкова Гүлнар Қабылхановна - Мәдениет және ішкі саясат бөлімінің бастығы шақыру комиссия төрағасының орынбасары
Сарбалин Нуржан Тлеуберсинович - Аудандық ІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Мамбина Нескен Амантаевна - Аудандық аурухананың дәрігері
Джабаева Кенже-Аудандық аурухананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы.
Қорғалжын ауданының әкімдігінің
қаулысына 2 қосымша
«25» 04 2006 ж № 61
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.
№№
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
1
Амангелді
27.04 2006жыл
2
Арықты
25.04.2006жыл
3
Қарашылғын
26.04.2006жыл
4
Майшұқыр
27.04.2006жыл
5
Кенбидайық
25.04.2006жыл
6
Қызылсай
24.04.2006жыл
7
Сабынды
26.04.2006жыл
8
Қорғалжын
24.04.2006жыл