О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусым азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 19, 20, 23, 44 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, «әскери қызметкерлердің жедел әскери қызметінен толысқа кету жөнінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылға сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда кезекті жедел әскери қызметке шақыру жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуіріндегі № 96 жарлығы, «жастарды әскери қызметке дайындау және азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу ережесінің бекітілуі жөнінде»2003 жылғы 22 қаңтарындағы № 76 Қазақстан Республикасы өкіметінің қаулысы, әскери қызмет негізіне оқыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінде әскер қатарына шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды өткізу кезеңіне әскер қатарына шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кестесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері К.К.Жановқа ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың көкірек клеткаларын флюорографиядан өткізу мен анализ тапсыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандар мен орташа медициналық қызметкерлерді бөлу жоне оларды еңбекақыларын сақтаумен өз міндеттерін атқарудан босату;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру пунктін дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылықтық мүліктермен қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. “Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-нің бастығы (А.А.Сапаров) 3 сәуірден шақыру аяқталғанда дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан сегіз техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 6
6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына әскер қатарына шақыру комиссиясына келмеген әскер қатарына шақырылушыларды іздестіруге және бақылаулық медициналық комиссиядан өту үшін әскер қатарына шақырылушыларды Көкшетау қаласына облыстық жиналу пунктіне тасымалдау үшін кезекші машина бөлу үсынылсын.(2 қосымша)
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы құралымдарының басшыларына селолық округтердің әкімдеріне флюорографиялық тексеру мен медициналық комиссиядан өту үшін әскер қатарына шақырылушыларды Щучинск қаласына тасымалдауға және де Қарулы Күштер қатарына аттандыру күні селолық округтен Щучинск қаласының біріккен қорғаныс істері бөліміне дейін тасымалдауға көлік бөлуде жәрдем көрсету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері әскер қатарына шақырылушылардың берілген тізіміне сәйкес Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Щучье аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Т.Б.Баймурзин) Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімімен бірлесіп шақыруды өткізу кезеңінде шақыру пунктінде қогамдық тәртіпті қамтамасыз ету және де әскери қызметке шақырудан бұлтарған адамдарды іздестіру мен жеткізуді жүргізу, сонымен қатар әскер қатарына шақырылушыларды әскери бөлімшелерге аттандыру мен жөнелтуде қоғамдық тәртіпті күзету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 қазандағы № а-11/511 “2005 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” қаулысы күшін жойған деп танылсын, Сот басқармасына 2005 жылдың 18 қарашасында №1-19- 53 тіркелген.
Тармақ 12
12. Осы актінің күші 2006 жылғы 3 сәуірден туындаған қатынастарға таралады.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орынлалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Ажтаеваға жүктелсін.
Басқа 17. Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы
Щучье ауданы әкімдігі 2006 жылы 21 сәуір № а-4/191 қаулысына 1 қосымша Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы Зиятов Батырхан Мусаұлы - майор, Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жүнісов Манарбек Ғалимарданұлы - Щучье ауданың дене тәрбиесі және спорт ММ бөлімінің бастығы. Әскер қатарына шақыру комиссиясының мүшелері Ыдырысов Серік Ғазизұлы - полиция подполковнигі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Садуақасова Алтынжан Зейкенқызы - № 1 ОДЕ-нің дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Күшүрбаева Запура Қазғожақызы - клиника-диагностикалық бөлімшенің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 18. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына әскер қатарына шақыру комиссиясына келмеген әскер қатарына шақырылушыларды іздестіруге және бақылаулық медициналық комиссиядан өту үшін әскер қатарына шақырылушыларды Көкшетау қаласына облыстық жиналу пунктіне тасымалдау үшін кезекті машинаны беруші, ұйым және кәсіпорындардың ТІЗІМІ.
Щучье ауданы әкімдігі 2006 жылы 21 сәуір № а-4/191 қаулысына 2 қосымша Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына әскер қатарына шақыру комиссиясына келмеген әскер қатарына шақырылушыларды іздестіруге және бақылаулық медициналық комиссиядан өту үшін әскер қатарына шақырылушыларды Көкшетау қаласына облыстық жиналу пунктіне тасымалдау үшін кезекті машинаны беруші, ұйым және кәсіпорындардың ТІЗІМІ.
Тармақ 1
1. Локомотивтік депо Нұржанов Қуанышбек Диярұлы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. ПЧ – 16 Ефремов Виктор Константинович (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. ЖШС «Тігін фабрикасы «Силуэт» Зелинский Леонид Иванович (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. РСП – 1 Шұлғауов Әнуарбек Тұралықұлы (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Бурабайды БТТ Куликов Анатолий Федорович (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. ЖШС «ЖҚБ - 16» Мотков Михаил Михайлович (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. ЭЧС Ахметжанов Рақым Вияминұлы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. 2 - ші бөлімшесі ОӘСК-ны Ровеин Константин Иосифович (келісім бойынша) Ескерту: тапсырыста көрсетілген мерзімде, кезекші автокөлікті қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің кезекті тапсырмасына бөлу.
Басқа 27. азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін
Щучье ауданы әкімдігінің № а-4/191 21.01.2006 жылғы қаулысы бекітілді азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін