О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді эскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын, олардың қызметін қамтамасыз етсін, сондай-ақ медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді қатыстырсын.
Тармақ 2
2. Қалалық жәйе аудандық шақыру комиссиясының жұмысына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымша құрамына сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры шақыруды өткізу басталғанға дейін қалалық, аудандық және облыстық медициналық жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
Тармақ 4
4. Шақырушыларға сапалы медициналық куәландыру өткізу мақсатында облыстық медициналық комиссиясының келесі Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдеріне шығулары ұйымдастырылсын: Атбасар қаласына (Атбасар ауданы) 2006 жылдың 26-29 сәуірі және 12-15 қазаны аралығында, Көктал кентіне (Целиноград ауданы) 2006 жылдың 2-5 мамыры және 16-қазаны аралығында.
Тармақ 5
5. «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Акмола темір жолмен тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер департаменті (келісім бойынша) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен бірлесе отырып облыстық жинақтау пункітінде, жөнелту станцияларында, әскерге шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери міндетін орындаудан қашушыларды іздестіру бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақыласын және әскери бөлімдерге жас толықтырма командаларын жіберу мен құрылымдарын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығына (келісім бойынша) 2006 жылы сәуір-маусым айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпарат 2006 жылғы 15 шілдеге дейін және 2006 жылы қазан-желтоқсан айларында 2007 жылғы 15 қаңтарға дейін тапсырсын.
Басқа 9. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Ақмола облысы әкімінің шешіміне қосымша 26.04.2006 ж. № а-4/140 ОБЛЫСТЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ: Қынашбаев Бақыт Нұрахметұлы - Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы Жұрұмбаев Серік Кәкімбекұлы - жұмылдыру дайындығы бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхамеджанова Әсемгүл Өмірханқызы - денсаулық сақтау департаменті жанындағы «Ақмола облыстық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын медбикесі, комиссия хатшысы КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Искаков Рамазан Файзоллаұлы - облыстық ІІД бастығының орынбасары Құттыбай Ерғали Өмірзақ - денсаулық сақтау департаментінің жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімінің бастығы Белогуб Николай Николаевич - келісім-шарт және шақыру әскери қызметшілерді қабылдау басқармасының бастығы Ғалиев Ринат Рустамұлы - Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының көмекшісі, медициналық комиссиясының төрағасы