Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе на 2006 год Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7, 20-баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. 2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің қоса берілген Тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.С. Құдабаев):
Тармақша 1
1) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған қызметтерді көрсету жөніндегі шарт жасассын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу, оларды өткізуге арналған 2006 жылғы аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджет қаражаттарынан 2006 жылға сәйкес бекітілген қоғамдық жұмысқа қатысушылардың ең төменгі өтем ақы төлемдері көлемінде еңбек ақысын төлеу үшін, жұмыс берушілердің есеп шоттарына қаржылық қаражаттарды аударсын;
Тармақша 4
4) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударуларды төлеуге арналған шығындарын, талап етуге немесе банкінің ақшалай төлем карточка есеп шоттарына салым бойынша еңбекақыны аудару мен төлеу және шотқа басқа ақшалай төлемдер бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметі үшін комиссиондық сыйақыны төлеуге арналған шығындарын лайықты бюджеттен шарт бойынша белгіленген мөлшерде отесін.
Тармақ 4
4. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Д.Сәкенова) қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған аудандық бюджеттің қаражаттарын дұрыс шығындауға бақылау жасауды кезекті тексерістер арқылы жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Қосымшаға сәйкес Тізбеде анықталған ұйымдар басшыларына мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тек қана жұмыссыздарға арнаған уақытша жұмыс орыңдары берілсін;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарттар жасау үшін жұмыстың нақты түрлері анықталсын;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы нақтылы істелген жұмыс үшін жеке еңбек шартының негізінде салымдар бойынша талап етуге дейінгі есеп шоттарына немесе екінші деңгейлі банктердің ақшалай төлем карточкаларының шоттарына еңбекақыны және де басқа ақшалай төлемдерді аудару арқылы төленсін;
Тармақша 4
4) «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ай сайын жұмысқа алу туралы бұйрықтан көшірмесін, жұмыс уақытын есепке алу тізімдігін, жұмыс ақыны есептеу тізімдемесін, орыңдалған жұмыстардың кесімін беріп отырады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 7
7. «2005 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3456, «Ақ жол» 2005 жылғы 19 мамыр № 20) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 83 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 16