О мерах по противопожарной охране лесов области в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы
2006 жылы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi № 477 Орман кодексiнiң 15 бабын орындау үшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берiлген 2006 жылғы облыс ормандарын қорғау жөнiндегi өртке қарсы iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандар әкiмi өрт қаупi кезеңiнде меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарға, мекемелерге:
облыстықтабиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментiнiң келiсiмiнсiз ормандарда мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзуге;
орманның алаңқай жерлерiнде, шалғын, пiшендiк жер мен жайылымдарда шөптердi өртеуге (соның iшiнде ауылшаруашылық аптабын жүргiзуге);
ормандағы жұмыстарда тұтандырғыш жүйесiнде ақаулықтары бар және ұшқын сөндiргiшi жоқ автомобильдердi және басқа механизмдердi пайдалануға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Бiлiм департаментi оқушылар мен студенттер арасында ормандағы өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы түсiндiру жұмыстарын ұдайы жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi автомобиль жолдары жиегiндегi минералдандырылған алқаптарды таза жағдайда ұстасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасына (келiсiм бойынша) автомобиль жолдары жиегiндегi тосқауыл және қорғаныш алқаптарын тиiстi өртке қарсы жағдайда ұстау ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.І.Сулейменовке жүктелсiн.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар жөніндегі
департаментінің бастығы
М. Мұсабаев
2006 жылғы "20" 04
Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникация министрлігі
Көлік инфрақұрылымын дамыту
комитеті Солтүстік Қазақстан
облыстық басқармасының бастығы
А. Жанкин
2006 жылғы "20" 04
Солтүстік Қазақстан облыстық
аумақтық орман және аң
шаруашылығы басқармасының
бастығы
А. Мұстафин
2006 жылғы "20" 04
Солтүстік Қазақстан облысының
төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік бақылау және
қадағалау басқармасының бастығы
Қ. Байжанов
2006 жылғы "30" 04.06
Басқа 7
Облыс әкімдігінің
2006 жылғы 25»сәуірдегі
№ 82 қаулысымен бекітілген
2006 жылғы облыс ормандарын қорғау бойынша
өртке қарсы іс-шаралар жоспары
Іс-шаралар
Жауаптылар
Орындалу мерзімі
1. өрт - химиялық стансаны, өртке қарсы жасақтарды, қажетті қызметкерлерімен тірек бекетін, өртке қарсы керек-жарақтарымен және техникамен, жанар-жағар май материалдарымен жабдықтау. Орман өрттерін табу және сөндіру бойынша құралдарды толығымен дайындау.
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
20 сәуiрге дейiн
2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзған кiнәлiлердiң жауапкершiлiк шараларын түсiндiрiп орман өртiнiң алдын алу бойынша кеңiнен түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру.
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
үнемi
3. Өрт қауiпi кезеңiнде мемлекеттiк орман қорғауды, сондай-ақ мекеменiң техникалық құралдарын (автомобильдердi, тракторларды, бульдозерлердi) орман қорғауға байланысты емес жұмыстарға пайдалануға тыйым салу.
Петропавл қаласы және аудандар әкiмi
20 сәуiрден бастап өрт қауiпi кезеңiнiң аяқталуына дейiн
4. Меншiк нысанына қарамастан ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен мекемелердiң көлiктiк техникаларын орман және дала өртiн жоюға тарту механизiмiн, аудандық өрт сөндiру жоспарларын әзiрлеу және бекiту. Тез әсер ету жасағына аудандық байқау жүргiзу.
Петропавл қаласы және аудандар әкiмi
1 мамырға дейiн
5. Жоғарғы өрт қауiпi кезеңiнде техникалардың кiруiне тыйым салу және орман ескерткiштерi мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына, қылқанды орманға заңды және жеке тұлғалардың баруын шектеу, кiретiн жерлерге уақытша бiрiккен жол полициясы мен мемлекеттiк орман қорғау бекетiн қою.
Петропавл қаласы және аудандар әкiмi, iшкi iстер департаментi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
1 мамырдан 4 мамырға дейiн, 7 мамырдан 11 мамырға дейiнгi кезең
6. Жоғары өрт қауiпi кезеңiнде мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке және заңды тұлғалардың орманды пайдалану құқығы тоқтатылып орманға кiруге тыйым салу.
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
үнемi
7. Ауыл шаруашылық мәдениетiне орман қабырғасынан 20 метр жақын жерлердi өңдеуге тыйым салу.
Ауыл шаруашылық департаментi, аудан әкiмдерi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
үнемi
8. «Қоршаған ортаға орман өртiнiң әсер етуi» тақырыбына жалпы мектеп жиналысы, сынып сағаттар, азаматтар жиылымының кестесiн әзiрлеу және бекiту.
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, бiлiм беру және ауыл шаруашылық департаменттерi
кесте бойынша
9. Орман және дала өртi қамтыған аумақтарда халықты эвакуациялау мүмкiндiгi мәселелерiн меңгеру.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментi
кесте бойынша
10. Орман алабының аумағында орналасқан және орман қорына жататын нысаналардың өрт- техникалық зерттеулерiн жүргiзу.
Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы
20 сәуiрге қарай
11. Көктем-егiстiк жұмыстарын дайындау және өткiзу бойынша аудандық кеңестерде облыс ормандарын сақтау мәселелерiн қарастыру.
Петропавл қаласы және аудандар әкiмi, ауыл шаруашылық департаментi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
өткiзу шамасы бойынша
12. Өртке қарсы iс-шараларды орындау бойынша айлық өткiзу
Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, iшкi iстер департаментi, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментi, Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
20 сәуiрден 20 мамырға дейiнгi, 20 тамыздан 10 қыркүйекке дейiнгi кезеңдер
13. Неғұрлым көп барылатын және өрт қауiпi орындарына жол бағыттарын әзiрлеу
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi
1 мамырға қарай
14. Демалу аймақтарында ормандарды тазарту жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыру
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті
үнемі