О проведении общественных работ в районе в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
Ауданда 2006 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен жасасқан шарттар бойынша 300 адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдары мен кәсіпорындарының тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген ең төмен еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі 2006 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 002 100 «Қоғамдық жұмыстар» кіші бағдарламасы бойынша анықталсын.
Тармақ 6
6. Павлодар облысы Әділет департаменті 2005 жылғы 25 наурызда № 2929 тіркелген, 2005 жылғы 31 наурыздағы № 13 (7509) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2005 жылғы 21 ақпандағы «Ауданда 2005 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп саналады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 9. 2006 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін
Павлодар ауданы ұйымдары мен кәсіпорындарының
ТІЗБЕСІ
Павлодар ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «15» ақпан № 55/2
«Ауданда 2006 жылы қоғамдық
жұмыстарды өткізу туралы»
қаулысына 1 қосымша
2006 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін
Павлодар ауданы ұйымдары мен кәсіпорындарының
ТІЗБЕСІ
Ұйымдар мен кәсіпорындардың атауы
Жіберілген жұмыссыз адамдардың саны
Аудандық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын
сомасы /млн. тенге/
«Павлодар ауданы Пресное ауылы әкімінің аппараты» ММ
18
0,285
«Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
11
0,174
«Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
22
0,348
«Павлодар ауданы Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ
18
0,285
«Павлодар ауданы Заря ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
30
0,475
«Павлодар ауданы Заңғар ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
16
0,253
«Павлодар ауданы Кеңес ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
45
0,715
«Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық
округі әкімінің аппараты»ММ
8
0,127
«Павлодар ауданы Луганск ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
4
0,063
«Павлодар ауданы Мичурин ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
7
0,111
«Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты» ММ
14
0,222
«Павлодар ауданы Рождественка ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
14
0,222
«Павлодар ауданы Маралды ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
20
0,316
«Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
33
0,522
«Павлодар ауданы Черноярка ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
11
0,174
«Павлодар ауданы Шақат ауылдық
округі әкімінің аппараты» ММ
25
0,396
Павлодар ауданының әділет басқармасы
4
0,225
Жиыны:
300
4,913