Об использовании целевых текущих транфертов из областного бюджета 2006 года районным и городским бюджетам на выплату единовременной помощи оралманам, переселившимся в Мангистаускую область вне "квоты иммиграции оралманов" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысына "Оралмандардың көші-қон квотасынан" тыс қоныстанған оралмандарға берілетін бір жолғы көмекке 2006 жылға облыстық бюджеттен аудан мен қалалардың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы Қазақстан Республикасының " Халықтың көші-қоны туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының "2006 жылға арналған бюджет туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 13/229 шешіміне (облыстық әділет басқармасында 2005 жылғы 13 желтоқсанда N 1931 тіркелген) сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысына тұрақты тұруға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - өз еркімен "Оралмандардың көшіп келу квотасынан" тыс қоныстанған бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларына ағымдағы жылдың 50(елу) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы көмекпен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың 2006 жылға арналған бюджеттеріне Маңғыстау облысына "квотадан" тыс көшіп келіп жатқан оралмандарға өтемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттерден жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Бір жолғы көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган- аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 4
4. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Бір жолғы көмекке үміткер отбасы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар көшірмесі қоса беріледі: отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар; ата-анасының аты-жөні әр түрлі болған жағдайда неке туралы куәлік; тұрақты тіркеуде екендігін дәлелдейтін тұрғындарды тіркеу кітабы; оралман куәлігі; салық төлеушінің тіркелу нөмірінің (СТТН); көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасынан арыз берген уақытта квотадан тыс қоныстанғандығын дәлелдейтін анықтамасы; банктен ашылған карт-счет нөмірі немесе поштадан жеке есеп шот нөмірі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін 15 күн ішінде Біржолғы көмек көмекті тағайындау мен төлеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен ақпараттың дұрыстығына толық жауаптылық артады. Әлде-бір бұзушылықтар немесе мәліметтердің бұрыстығы анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамнан өндіріліп алынады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган есепті айдан кейінгі әр айдың 5-іне ағымдағы нысаналы трансферттердің шығыстау есептерін Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне ұсынады.
Тармақ 9
9. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті ай сайын уәкілетті органдарды нысаналы ағымдағы трансферттердің аудандар, қалалар бойынша бөлінген жоспары бойынша қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Біржолғы көмектің дер кезінде тағайындалуы мен төленуіне уәкілетті орган жауапкершілік артады.
Тармақ 11
11. Бір жолғы көмек шығынының мөлшері жыл сайын облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихат шешімімен белгіленеді.
Тармақ 12
12. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті(А.Баужанова) "квотадан" тыс келген оралмандарға берілетін бір жолғы көмекті ағымдағы нысаналы трансферттерден уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Абдрахмановқа міндеттелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.