О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен на 2006 год, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет Қолданыста
Басқа 0
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 %-ға азайту жолымен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 10 %-ға азайту жолымен он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.