Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 3547) қаулысына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы туған азаматтарды, сонымен қатар шақырудан кейінге қалдырылу құқығынан айырылған ересек жастарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы келесі құрамда бекітілсін:
Айсин Дархан Сұлтанбекұлы
- «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
Кукоба Геннадий Александрович
- аудан әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Аубәкіров Ғалихан Сақанұлы
- «Қостанай облысы Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Махмұтова Гүлнара Мейрамқызы
- «Алтынсарин аудандық емхана» мемлекеттік мекемесінің бастығы, медициналық комиссиясының төрайымы
Қалмұрзина Салтанат Қажмұханқызы
- «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы
Аудандық шақыру комиссиясы мүшелерінің әр түрлі себептермен болмай қалуына байланысты комиссияның резервтік құрамы бекітілсін:
Никифоров Сергей Геннадьевич
- «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы
Таңқыбаев Кенеш Ғалибекұлы
- аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жұмасов Жамболат Дүйсенбайұлы
- «Қостанай облысы
Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Қуанова Жанна Құсайынқызы
- «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы
Тоқтасынова Қымбат Темірғалиқызы
- «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының қорганыс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Д.С. Айсин) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырылушылардың аудандық шақыру комиссиясына келу кестесін құру және бекіту, оны орындаушыларға жеткізу;
Тармақша 2
2) техникалық жұмыскерлерді уақытша жұмысқа қабылдау.
Тармақ 4
4. Селолық округтер мен селолардың әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) бекітілген кестеге сәйкес шақырылушыларды «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесіне медициналық және шақыру комиссиясына хабардар етуді және келуді;
Тармақша 2
2) қосымша медициналық тексеруге жолданылған шақырылушыларға бақылауды;
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеу үшін әскерге жөнелтілуі тиіс шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөнінде іс-шараларды өткізуді.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің Алтынсарин аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Куанова) (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесін дәрігер-мамандар және орта буын медициналық қызметкерлермен;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін 10 кереуерт көлеміндегі орындарды;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге және емделуге жолданылған шақырылушыларды бақылауды;
Тармақша 4
4) медициналық комиссияны қажетті медициналық құрал- жабдықтармен, мүліктермен жабдықтауды.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е.К. Әміров) (келісім бойынша) шақыруды жүргізу және командаларды аттандыру кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңінде және командаларды аттандыру уақытында шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдау үшін «Қостанай ауданының қорганыс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне милицияның екі қызметкерін бөлу;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартқан тұлғаларды ұстау және іздестіруді жүргізу, іздестіру және ұсталғандарды жеткізудегі шығындарды өтеу сол тұлғалардың есебінен жүргізу.
Тармақ 7
7. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі А. Перова) Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыруды 2006 жылға белгіленген қаражат шегінде жүргізсін.
Тармақ 8
8. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 266 «Алтынсарин ауданында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2005 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін, 2005 жылғы 3 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмері 9-5-13, 2005 жылғы 18 қарашадағы № 28 «Таза бұлақ - Чистый родник» газеті.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Г.А. Кукобаға жүктелсін.