Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан -желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығын орындау үшін Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жүмысы үйымдастырылсын және 18-ден 27 жасқа дейінгі, шақыру мерзімін кейінге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың мерзімдік әскери кызметке кезекті шақырылуы 2006 жылғы сәуір - маусым және казан - желтоқсан айларында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. «Қамысты аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (М.Ғ.Жанұзақов, келісім бойынша) аудандық әскерге шақыру комиссиясын дәрігер -мамандармен, сондай-ақ шақырылатын азаматтарды сапалы медициналық куәландыру үшін қажетті құралдармен және мүлікпен толықтырсын, аудандық ауруханада кезектен тыс амбулаториялық және стационарлык тексерілу үшін жағдайлар жасасын.
Тармақ 3
3. Селолық округтер мен селолар әкімдері мерзімдік әскери қызметті өтеу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілген, әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс - шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қамысты ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Б. Төлебаев, келісім бойынша) әскерге шақыру жүргізу және командаларды жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру, ұстауды жүргізсін, іздестіру, жеткізу және ұстау жөніндегі шығыстарды төлеуді осы тұлғалардың есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық жиналу пунктінде әскерге шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес полицияның нарядын бөлсін.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындар, ұйымдар басшыларына селолық округтер мен селолар әкімдерінің тапсырыстары бойынша «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылғандарды жеткізу үшін автокөлік бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне азаматтарды даярлау және әскерге шақыруды жүргізу үшін 1 адам санында техникалық қызметкер таңдап алсын. Жұмысқа 2006 жылдың 3 сәуірінен 30 маусымына дейін және 1 қазаннан 30 желтоқсанына дейін тартылсын.
Тармақ 7
7. Әскерге шақыру учаскесіне жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалык және басқа қызмет көрсетуші адамдардың осы міндеттерді орындаудың барлық уақытында осы лауазымды тұлғалар жіберілген ұйымдарда және кәсіпорындарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталсын.
Тармақ 8
8. Тауарлар мен қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 9
9. «Қамысты аудандык қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Ә.Жүсіпова, келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды қаржыландыруды «Әскери міндетті орындау аясындағы іс - шаралар» бағдарламасы бойынша «Қостанай облысы Қамысты ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыс сметасында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Қамысты ауданы әкімдігінің қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) 2005 жылғы 10 мамырдағы № 120 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысы.
Тармақша 2
2) 2005 жылғы 3 қазандағы № 258 "Қамысты ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы №120 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекенұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.