Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттіқ басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 1 тармағына, 2 тармағы 1) тармақшасына 4 тармақтарына, 20 бабы 1, 3 тармақтарына, 21, 23, 27, 28 баптарына «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әсксри қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20066 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығының 2, 3 тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы (келісім бойынша) шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдыруға кұқығы жоқ ер азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыруды жүргізу аудан бюджетінде осы мақсатқа қарастырылған қаражат есебінен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Әскерге шақыруды жүргізу кезеңіне қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы және оның құрамында медициналық комиссия ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық шақыру комиссиясы әскери оқу орындарына түсетін азаматтар мен шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізсін.
Тармақ 5
5. Ауданның жеке меншік түрінің барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының, оқу орындарының басшылары комиссия өту кезінде шақырушыларды оқудан, жұмыстан босатсын.
Тармақ 6
6. Селолық округтер әкімдері әскерге шақырушыларды жинау мен оларды шақыру учаскесіне жөнелтуді ұйымдастырсын, жолда, шақыру комиссиясын өту кезінде және мерзімді әскери қызметке жөнелту кезінде еріп жүруді, тәртіп пен ұйымшылдықты қамтамасыз етсін.
Облыстық бақылау комиссиясына бару үшін шақырушылардың белгіленген күні сағат 9.00-де қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Барабаш Александр Иванович (келісім бойынша):
комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналмен жасақтасын, сондай-ақ құрал-жабдықтармен және мүлікпен қамтамасыз етсін;
рентген кабинетінің, функционалдық диагностика кабинетінің, анализ тапсыратын лабораторияның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
комиссия жұмысы кезінде дәрігерлердің жұмысын қадағаласын, медициналық комиссияның жұмысы кезінде дәрігерлердің орнын ауыстыруға жол берілмесін.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Темешев Абжат Смайылұлы (келісім бойынша) шақыру комиссиясына келу және комиссия өту кезінде учаскелік полиция инспекторларының шақырушылардың қасында еріп жүруін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін. Мерзімді әскери қызметке шақырушыларды жөнелту кезінде жеке кестеге сәйкес полиция жасағы бөлінсін (кесте жөнелтуге жасақ алынған кезде беріледі).
Тармақ 9
9. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жусіпов Өтеген Рахымғазыұлына жүктелсін.
КЕЛІСІЛГЕН:
Орталық аудандық аурухананың басдәрігері
Барабаш Александр Иванович
20 апреля 2006 года
Есіл ауданының қорғаныс ісіері жөніндегі бөлімнің бастығы
Сеиітқасымов Ербол Асылбайұлы
20 апреля 2006 года
Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы
Темешев Абжат Смайылұлы
20 апреля 2006 года
Басқа 10. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Есіл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «20» сәуір
№ 97 қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Сейітқасымов Ербол Асылбайұлы - Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, шакыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Мүженбаев Орал Заеденұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы
Дүйсенбин Амангелді Қасқырбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Барабаш Александр Иванович - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Цыганова Ольга Николаевна - медициналық бике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Комиссияның резервтік құрамы:
Степаненко Елена Федоровна - Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы, шақыру комиссиясының төрағасы
Оржаховский Александр Иосифович - әскери қызметке шақыру және келісім шарт бойынша әскери қызметке жинақтау жөніндегі бөлімшенің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Мотов Вадим Сергеевич - аудандық ішкі істер бөлімі бастыгының орынбасары (келісім бойынша)
Тұралинов Назар ІІІамганұлы - бас дәрігердің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Сыздықова Роза Есләмқызы - медициналық бике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Медициналық комиссияның кұрамы:
Тұралинов Назар Шамғанұлы - жетекші дәрігер (келісім бойынша)
Береснева Екатерина Витальевна - дәрігер-терапевт_(келісім бойынша)
Аблаев Жанат Ғалымжанұлы - дәрігер-хирург (келісім бойынша)
Мальсагова Лариса Викторовна - дәрігер-окулист (келісім бойынша)
Күдербеков Үмбет Ғалымұлы - дәрігер-стоматолог (келісім бойынша)
Қожанова Гүлнар Қаратайқызы - дәрігер-фтизиатр (келісім бойынша)
Қабиев Жағыпар Сәткенұлы - дәрігер-лор (келісім бойынша)
Әлиева Ләзім Бесембайқызы - дәрігер-невропотолог (келісім бойынша)
Жук Павел Владимирович - дәрігер-психиатр (келісім бойынша)
Литвинюк Елена Владимировна - дәрігер-дерматовенеролог (келісім бойынша)
Допира Павел Владимирович - дәрігер-рентгенолог (келісім бойынша)
Капустина Галина Михайловна - медициналық бике, антропометрист (келісім бойынша)