О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандарын даярлау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 2) тармақшасына, 12 бабына, 2003 жылғы 22 қаңтардағы №76 «Әскери қызметке жастарды даярлау және кезекті әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарын даярлау бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөнінде департаменттің жоспарлық тапсырыстарын толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы Константинов А.Н. (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруға жататындарды кейін оқу бітірген соң әскери қызметке денсаулық жағдайлары жарамды, он жеті де алты айдан жирма алты жасқа дейінгі шақырушылардың қажетті санын Петропавл қаласындағы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі әскери-техникалық мектеп» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын Петропавл филиалында оқыту үшін қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер әкімдері, аудандағы мектеп директорлары, әскери-техникалық жастар мектебіне оқуға түсетіндердің патриоттық тәрбиелеу деңгейін көтеретін шаралар жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Аудандағы селолық округтер әкімдері ауданның қорғаныс істері жөнінде бөліммен келісілген жағдайда Петропавл қаласындағы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі әскери-техникалық мектеп» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын Петропавл филиалына шақырушылардың уақытында келулері қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілер кәсіпорыннан әскери қызметке даярлануға барған шақырушыларды оқыту кездерінде, жұмыс орындарын, лауазым орындарьш сақтап, олардың негізгі жұмыс орындарынан орта жалақыларының төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В.Ганжаға, ауданның қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы А.Н. Константиновқа жүктелсін.
Келісілді ескертусіз
Константинов Александр Николаевич
Тимирязев ауданының
Қорғаныс істері жөнінде бөлім бастығы
28 сәуір 2006 жыл