Азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусымында және қазан-желтоқсанындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусымында және қазан-желтоқсанындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Жарлығын орындау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырылуды кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1979-1988 жылғы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және 2006 жылғы 03-мамырдан бастап 30-маусымға және 2-қазаннан 29-желтоқсанға дейін Сарыағаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімге шақырылғандарды Қарулы Күштерге жіберу жұмыстарын өткізу сұралсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысына басшылық ету және бақылау үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы бекітілсін: Меңдіқұлов Альберт Ақылбекұлы - Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімімен); Қабылов Әбдіәзиз Дабылұлы - ауданның ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Селтанов Бауыржан Сапарәліұлы - Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісімімен); Темірқұлов Сапар Бинабекұлы - бас дәрігер, аудандық әскери дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісімімен). Әуезова Айымхан Тұрашқызы - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімімен). Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмысын 2006 жылғы 03-мамырдан бастасын.
Тармақ 3
3. Комиссияның төрағасы аудандық шақыру комиссияның жұмысын 2006 жылғы көктемдегі және күзгі шақырудың барысын бақылау үшін жолсапарларға шығу кестесін комиссияның барлық мүшелеріне үлестіру сұралсын.
Тармақ 4
4. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы аудандық жиналу пунктінің негізінде ұйымдастырылсын. Аудандық әскери - дәрігерлік комиссия жұмысының күн тәртібі сенбі және жексенбі күндерден басқа күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін. Аудандық әскери-дәрігерлік комиссия мүшелерінің орташа жалақылары мен жұмыс орындары сақталсын.
Тармақ 5
5. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы (З.Аширов, келісімімен):
Тармақша 1
1) Аудандық шақыру комиссиясындағы дәрігер-мамандардың шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы №100 бұйрығында анықталған медициналық куәландырудың әдістері мен нормаларына сәйкес аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген мерзімде ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Емдеу мекемелері қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сұралсын;
Тармақша 3
3) Шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша шақырушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткізуді ұйымдастыру сұралсын;
Тармақша 4
4) Аудандық жиналу пункті үшін медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы рентген қондырғысын бөлу сұралсын;
Тармақша 5
5) 2006 жылғы 03 мамырға дейін шақыру комиссиясының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, жастарды Қарулы күштер қатарындағы қызметке дайындау және олардың медициналық куәландырылу жөніндегі ұсыныстар дайындау сұралсын;
Тармақша 6
6) Аудандық медициналық комиссияның құрамына тағайындауларды аудандық әскери- дәрігерлік комиссияның төрағасы С. Темірқұловпен келісу сұралсын;
Тармақша 7
7) Шақыру басталардан бұрын шақырылғандардың медициналық куәландырылуын ұйымдастыру жөнінен аудандық медициналық комиссия дәрігерлерінің жиынын өткізуді ұйымдастыру сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (А.Мырзахметов), ішкі саясат бөлімі (Р.Рахматуллақызы):
Тармақша 1
1) Шақыру участкелерінде, аудандық жиналу пунктінде жастардың отаншылдық, отанының қауіпсіздігіне тікелей жауапкершілік және парыздық сезімдерін тәрбиелейтін шығармашыл ұжымдардың концерттерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Шақырылғандарды аудандық жиналу пунктіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына ата-аналар, соғыс және еңбек ардагерлері, дін өкілдері қатыстырыла отырып, салтанатты шығарып салуларды ұйымдастырсын;
Тармақ 7
7. “Қазпошта” акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі (Н. Тоғызбаев, келісімі бойынша), қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім аумағында орналасқан газет дүңгіршектерінде баспахананың бағалары бойынша аудандық, облыстық, Республикалық газет-журналдарды және басқа да кеңсе тауарларын сатуды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер басқармасы (Б.Селтанов, келісімі бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды іздестіруге және олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылу шараларын қабылдасын. Аудандық жиналу пунктінен командаларды жөнелту күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын. Шақырылған командалардың облыстық медициналық комиссияға бару жолындағы тәртіпті және қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі облыстық жиналу пунктіне жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында оларды шығарып салу үшін, аудандық ішкі істер басқармасының өкілін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі шақырылғандардың арасында спорт бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарының нормативтерін дәлелдеу үшін тексеру ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Аудандық баспаханаға (Ө.Бекмұрзаев, келісімі бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшін қажетті бланкілерді дайындау ұсынылсын.
Тармақ 11
11. “Оңтүстік жарық” ЖШС-не (С. Игисинова, келісімі бойынша) жастарды медициналық куәландіруден сапалы өткізу мақсатында шақыру жүріп жатқан кезде 2006 жылғы 03-мамырдан 30-маусымға және 2-қазаннан бастап 29-желтоксанға дейін күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шақыру пунктін үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Қала, поселке, ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) Жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі қажетті іс-шараларды жасасын және өткізсін;
Тармақша 2
2) Шақырылғандардың алған шақыру қағаздарына сәйкес Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге баруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. “Каюпов и К” ашық акционерлік қоғамына (Д.Әлібеков, келісімі бойынша) Сарыағаш қалалық қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің өтініші бойынша әскерге шақырушыларды аудандық және облыстық медициналық комиссияға, облыстық жиналу пункттеріне тасымалдау үшін қажетті мөлшерде тариф бойынша (ақы төлеу арқылы) техникалық жағынан жарамды автокөліктерді бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 14
14. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшыларына:
Тармақша 1
1) Шақырылғандарды іс-сапарларынан (демалыстарынан) шақырып алсын және оларды шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Белгіленген кестеге сәйкес шақыру учаскелеріне кезекші автокөліктерді бөлу ұсынылсын (№1 қосымшаға сәйкес);
Тармақша 3
3) Айлық жалақыларын сақтай отырып мамыр-маусым және қазан-желтоқсан айларына техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (№2 қосымша).
Тармақ 15
15. Аудандық телекоммуникация торабына (Ж.Андасбаев келісімі бойынша) шақыру науқанын өткізу кезінде телефон байланысының үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 16
16. Аудандық “Сарыағаш” қоғамдық саяси газеті ЖШС-не (К.Балықбаев, келісімі бойынша) қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлесе отырып әскер қатарына шақырылғандар мен шақырушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында мақалалар жариялауды жалғастыру ұсынылсын.
Тармақ 17
17. Осы қаулының орындалу барысы 2006 жылғы маусымда және желтоқсанда шақыру комиссиясының мүшелері, қала, поселке, ауыл әкімдерінің қатысуымен аудан әкімдігінде ететін мәжілісте қаралсын.
Тармақ 18
18. Осы қаулы әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтіп, аудандық газет бетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 19
19. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Тұрдалинге жүктелсін.
Басқа 34. 2006 жылдың мамыр-маусым және казан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыруға және іздестіруге бөлінетін автокөліктердің кезекшілік кестесі
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 03 мамырдағы “Азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” № 425 қаулысына №1 қосымша 2006 жылдың мамыр-маусым және казан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыруға және іздестіруге бөлінетін автокөліктердің кезекшілік кестесі № Мекемелер мен ұйымдардың аты Кезекшілік кестесі Мамыр-маусым Қазан-желтоқсан 3. “АйшаБибі” ӨК 03.05-31.05 4. “Курорт Барс -2030 ” ЖШС 01.06-30.06 5. “Дина -Н” ЖШС 01.10-31.10 6. “Оңтүстік жарық” ЖШС 01.11-30.11 7. Аудандық телекоммуникация торабы 01.12-15.12 8. “Алекс” ЖШС 15.12-29.12
Басқа 35. 2006 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыру жұмыстарына техникалық қызметкерлер бөлетін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі:
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 03 мамырдағы “Азаматтарды 2006 жылдың мамыр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” № 425 қаулысына №2 қосымша 2006 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыру жұмыстарына техникалық қызметкерлер бөлетін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі: № Мекемелер мен кәсіпорындардың аты Бөлінетін техникалық қызметкер саны Мерзімі 1. Ауданның білім бөлімі 1 адам 01.10-31.10 2. Ауданның халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 адам 01.10-31.10 3. Аудандық санитарлық эпидемолотиялық қадағалау басқармасы 1 адам 01.10.-31.10 4. №13 Кәсіптік мектеп 1 адам 01.10-31.10 5. №12 Кәсіптік мектеп 1 адам 03.05-31.05 01.11-30.Н 6. “Сенім фабрикасы” ЖШС 1 адам 03.05-31.05 01.11-30.11 7. “Лада сервис” ЖШС 1 адам 03.05-31.05 01.11-30.11 8. Аудандық статистика бөлімі 1 адам 03.05-31.05 01.11-30.11 9. “Арыстанбаб” колледжі 1 адам 01.06-25.06 01.12-29.12 10. Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі 1 адам 01.06-25.06 01.12-29.12 11. Аудандық мәдениет үйі 1 адам 01.06-25.06 01.12-29.12