О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі кезеңде су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 және 37 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туралы» Заңына сәйкес және елді мекендерді, шаруашылық нысандарын көктемгі су тасқынына дайындау, су тасқынын апатсыз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. №1 қосымшада берілген су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және әрекеттерді үйлестіру үшін комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. №2 қосымшада берілген көктемгі су тасқынына қарсы елді мекендердегі, шаруашылық нысандарында атқарылатын іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шешім күшіне Астрахан аудандық Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап енеді.
Басқа 4
Николаев ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы 2 наурыз №3 шешіміне № 1 қосымша Су тасқынына қарсы іс-шаралар комиссиясының құрамы 1. Ыбыраев Алтынбай Ыбырайұлы - ауылдық округ әкімі, комиссия төрағасы 2. Ком Виктор Иванович - «Гранит-Петровка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) 3. Сәмен Кенжегүл Көпейқызы - Жамбыл орта мектебінің директоры (келісім бойынша) 4. Салқауова Роза Қарабайқызы - Өрнек фельдшерлік бөлім меңгерушісі (келісім бойынша) 5. Махмет Жәлел Қалықұлы - «Гранит-Петровка» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 5
Николаев ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы 2 наурыз №3 шешіміне № 2 қосымша Елді мекендерді, шаруашылық нысандарын көктем су тасқынына дайындау Іс-шаралар № п/п Іс-шаралар Жүзеге асыру мерзімі Орындауға жауапты 1. Су тасқынына қарсы жұмыстарды өткізу үшін механикаландырылған бригада құру, халыққа жәрдем көрсету және апат қалпына келтіру және құтқару жұмыстарын жинақталған техникамен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету 2006 жылғы 20.03 дейін Ауылдық округ әкімі, «Гранит-Петровка» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры (келісім бойынша) 2. Үй, мектеп төбелерін, қоғамдық және тұрмыстық маңыздағы мекемелерді қардан тазарту, олардың маңындағы аумақтардан су өткізуді ұйымдастыру 2006 жылғы 25.03 дейін Ауылдық округ әкімі, мектеп директорлары (келісім бойынша) 3. Ауылдық жерлердегі жолдарды тазартуды ұйымдастыру, көшедегі су агаты н жерлерді тазалау, қар суын ағызуды қамтамасыз ету 2006 жылғы 25.03 дейін Ауылдық округ әкімі, «Гранит-Петровка» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры (келісім бойынша) 4. Ауылдық округ әкімі аппаратында жауапты тұлғалардың және техниканың сөткелік кезекшілігін ұйымдастыру Су тасқыны кезеңінде В.Майер ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы 5. Су жиналатын жерлердегі су деңгейін үнемі бақылауда ұстау Су тасқыны кезеңінде Ауылдық округ әкімі 6 Ауылдық округ аумағындағы су тасқынына қарсы жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жасау және су басып кету қаупы болған жағдайда аудан әкімдігін қабарландыру Су тасқыны кезеңінде Ауылдық округ әкімі