О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Атырауской области в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"» Заңының 19, 20, 23-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"» Жарлығын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейін ересек жастағы азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштері қатарына, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық жасау және бақылау үшін облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1) аудандардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасы арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
Тармақша 3
3) Атырау қаласы мен облыс аудандарында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде медициналық куәландыруды өткізу үшін жабдықталған орынжай, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдың қажетті санын, сондай-ақ қашық жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту үшін жеткізуге және азаматтарды облыстық шақыру комиссиясынан өту үшін облыстық жинақтау пунктіне тасымалдау және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуге автокөліктер бөлсін;
Тармақша 5
5) азаматтардың шақыру комиссияларында медициналық куәландырудан өткізу және оларды әрі қарай әскери бөлімдерге жіберу үшін аудандардың қор¬аныс істері жөніндегі бөлімдеріне, Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасына келуін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар алсын;
Тармақша 6
6) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пункттеріне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиялары мүшелерінің, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететін персоналдық жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысын сақтасын;
Тармақша 7
7) запасқа шығарылған әскери қызметшілердің жұмысқа орналасуына жәрдемдессін.
Тармақ 4
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментіне:
Тармақша 1
1) шақыру кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық әскери дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын жЎне тиісті пункттердің кабинеттерін медициналық құрал-жабдықпен және аспаптармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиялары жолда¬ан азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар санын бөлсін.
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жасөспірімдермен медициналық көмек жүргізуді, сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру кезеңінде шақыру пункттерінде тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың орналасқан жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құру;
Тармақша 3
3) теміржол станцияларына, әскерге шақырушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген жасақтар бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан теміржолы"»"ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Атырау тасымалдау бөлімшесіне (келісім бойынша) Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жерінен аудандық (қалалық) шақыру пункттеріне дейін және кері, қызмет орнына, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің көрсетілген бағытына сәйкес қосымша тексеру үшін медициналық мекемелерге дейін және кері тасымалдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, ұйымдар басшыларына Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өтінімі бойынша шақыру кезеңінде әскери міндеттілер арасынан техникалық қызметкерлерді (ер адам) жұмыс орны мен орташа еңбек ақысын сақтай отырып, бөлу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Атырау облысы Мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін және мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Атырау облысы қаржы департаменті 2006 жылға арналған бекітілген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырумен байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жүктелсін.
Басқа 24. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімиятының 10 мамыр 2006 жылғы № 139 қаулысына қосымша Облыстық  шақыру комиссиясының құрамы: Рысғалиев Сағидолла Рысқалиұлы - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия төрағасы; Өтепбаев Сапаргелді Тасеменұлы - облыс әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Нұриденов Кеңес Сәлімұлы - Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша); Нұрсейітова Тамара Сәнімқызы - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша); Исенбаева Нина Михайловна - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының көмекшісі, дәрігер - (медициналық комиссиясының төрайымы), (келісім бойынша); Нұржігітов Түрікпенбай Нұржігітұлы - Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары; Оңашев Мереке Сәлімгерейұлы - Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - шақыру бөлімінің бастығы (келісім бойынша). Келісу парағы: