Аудан бойынша 2006 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша 2006 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңына сәйкес мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3000 (үш мың) теңгеден 20000 (жиырма мың) теңге аралығында белгіленсін.
Тармақ 3
3. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі көрсеткіш көлемінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Бейбіт кезеңде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5000 (бес мың) теңгеден, бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жұбайларына 3000 (үш мың) теңгеден және бейбіт уақытта қаза әскери қызметшілердің отбасыларына 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.
Тармақ 6
6. Шыңғырлау ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімі, тағайындалған әлеуметтік көмек төлемдерін дер кезенде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі» комиссияның құрамы №1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 80 «Аудан бойынша 2005 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы», (Шыңғырлау ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 10 мамырында тіркелген, тіркеу № 7-13-2) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін. Келісілді: Шыңғырлау ауданы бойынша салық комитеті мемлекеттік мекемесінің төрағасы Исламбеков Әлібек Саматұлы
Басқа 12. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның құрамы:
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы № 26 қаулысына № 1 қосымша Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның құрамы: Хангереев Самат Нағымұлы – Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Бекжанов Мурат Турабайұлы – Шыңғырлау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Вагапова Светлана Даниевна – Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Хамиев Самиғолла Хабиболлаұлы – Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінің бастығы Исламбеков Әлібек Саматұлы – Шыңғырлау ауданы бойынша салық комитеті мемлекеттік мекемесінің төрағасы (келісім бойынша) Султанов Әйбек Төбекұлы –Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы