Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 31-бабының 1-тармағының 8) тармакшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің «2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3547) орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған он сегізден жиырма жетіге дейінгі жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шакырылуы 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізілуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға және Қарасу мен Октябрь ауылдарының шақыру пунктеріндегі медициналық комиссияларының құрамдары 2-косымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыруға жататын әскерге шақырылушыларды уақытында құлақтандыруды және олардың «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсеткен мезгілінде шақыру учаскелеріне жетуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды құлақтандыру, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне, облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығыстар аудандық бюджеттің есебінен қарастырылған қаражаттар шегінде жүргізілсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру учаскелеріне жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкелердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Н.Ф. Шелудько) (келісім бойынша) және «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (С.М. Төкебаев) (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына мыналар ұсыныс етілсін:
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюоропленкалар мен химиялык реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (И.Г. Шаманаев) (келісім бойынша) бірлесе отырып медициналық мекемелердің әскерге шақырылушыларды алдын ала тексеру шығындарының орнын толтыру және аудандық медициналык комиссиялардың дәрігер-мамандарының еңбек ақысын қарастырылған қаржы бөлімге сәйкес толтыру жөніндегі жұмысы ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Шақыруды сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу үшін мемлекеттік мекемелер 3-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді бөлсін.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (И.Г. Шаманаев) (келісім бойынша) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес әскерге шақырылушыларды уақытында құлақтандыруға және облыстық жинақтау пунктіне облыстық медициналық комиссиясынан өту үшін шақырылушыларды жеткізуге, құрамы жастармен толықтырылған командаларды Қостанай қаласына жөнелтуге көлік құралдарын бөліп, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілермен шарттар жазуға ұсыныс етілсін.
Тармақ 7
7. «Қостанай облысы Қарасу аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.А. Шүбаев) (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
Тармақша 1
1) өз шеңберінің шегінде әскери қызметтен жалтарып жүргендерді іздестіру мен ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті калпында сактау үшін полиция нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.К. Мамаев) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлімдер есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. «Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 270 қаулының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3515, «За изобилие» 2005 жылғы 23 қарашадағы № 26) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсін.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 143 қаулысына 1-қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Шаманаев Игорь Геннадьевич - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Бойко Юлия Николаевна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссиясы төрағасының орынбасары. Байжанов Жәнібек Бекқожинұлы - «Қостанай облысы Қарасу аудандық ішк істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Шелудько Николай Федорович - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы (Қарасу ауылы) (келісім бойынша); Қойшина Күлшара Жақсылыққызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша). Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, жұмылдыру 1-бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Якимова Татьяна Ивановна - «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары. Үсенов Рүстем Сержанұлы - «Қостанай облысы Қарасу аудандык ішк істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Төкебаев Серікбай Махмұтұлы - «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігері, медициналык комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Қотырова Раушан Ғұсманқызы - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорынының медициналық бибисі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 21. Медициналық комиссиясының (Қарасу ауылы) құрамы
Әкімдіктің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 143 қаулысына 2-қосымша Медициналық комиссиясының (Қарасу ауылы) құрамы Шелудько Николай Федорович - «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының бас дәрігері, комиссия төрағасы Бокеева Гүлнар Сапаржанқызы - дәрігер-окулист Жұмырова Торғай Қаирқызы - дәрігер-терапевт Ерохина Надежда Витальевна - дәрігер-невропатолог Кашеваров Николай Александрович - дәрігер-психиатр Тикенов Айтпай Болатайұлы - дәрігер-стоматолог Тирикулов Эрнар Мұратбаевич - дәрігер-хирург Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер- дерматолог Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер-отоларинголог Төкебаев Серікбай Махмұтұлы - «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорының бас дәрігері, комиссия төрағасы Әміров Мұрат Елтайұлы - дәрігер-стоматолог Бөкеева Гүлнар Сапаржанқызы - дәрігер-окулист Григорьева Тамара Михайловна - дәрігер-невропатолог Григорьева Тамара Михайловна - дәрігер-психиатр Қабылов Жаксыбай Ансағанұлы - дәрігер-терапевт Сейілов Қуат Омарұлы - дәрігер-хирург Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер- дерматолог Қостанай облысының денсаулық сақтау департаменті - дәрігер-отоларинголог
Басқа 22