Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтардың шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтардың кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының орындалуында (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3547), Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру, медициналық комиссиялар және шақыру комиссияға келмеген әскерге шақырылғандарды іздеуге салу тобының жұмысы ұйымдастырылсын және 1988 жылы туған, әскерге шақыру кезеңіне 18 жасқа толғандарды, сондай-ақ одан жоғары жастағы, шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың жедел әскери қызметке кезекті шақырылуының 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Кенттік және селолық округ әкімдеріне, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына:
Тармақша 1
1) 1988 жылы туған, әскерге шақыру кезеңіне 18 жасқа толғандарды, сондай-ақ жоғары жастағы, шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың жедел әскери қызметке кезекті шақыруын өткізу бойынша жұмысы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өтеу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскери мен әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шаралары ұйымдастырылсын (Д.Т. Ермұхаметова, келісім бойынша).
Тармақ 4
4. "Қарабалық орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушы (Л.Д. Панченко, келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер - мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюрографиялық пленкалар және химиялық реактивтерімен жинақтау жөніндегі жұмыстың ұйымдастыруы ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Д. Абраев, келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 2 адам санында техникалық қызметкерлерді әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу жөнінде жұмысына тарту;
Тармақша 2
2) облыстык жиналмалы орнына әскерге шақырушыларды тасымалдауы қамтамасыз етілсін, әскери шақыру кезінде тасымалданғардардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (С.Т. Сейіткүлов, келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жедел әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін, ұстағандарды іздестіру және оларды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін команданы жіберу мерзіміне полицияның наряды бөліп шығарылсын.
Тармақ 7
7. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Л. Д. Булдакова, келісім бойынша) әскерге шақыру ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру әскери қызметке қосып жазу және шақыруды қамтамасыз етуде қаржыландыру жоспарында қарастырылған ғаражат есебінен жузеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 311 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдың қазан-желтоқсанында әскери шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының мемлекеттік тіркеу нөмірі 3513 («Айна» газеті 2005 жылғы 10 қарашадағы № 45), күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы 2006 жылдың 2 мамырдан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 17. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 12 мамырдағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Абраев Марат Дарбайұлы – «Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Нүркешев Қанапия Міржанұлы – «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Мұқанова Динагүл Шақсағатқызы – «Қарабалық орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медициналық бикесі,
комиссияның хатшысы
Көпжасаров Сағынтай Бахчанұлы – «Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Панченко Любовь Дмитриевна – «Қарабалық орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін
атқарушы (келісім бойынша)