О мерах по обеспечению сохранности лесного фонда в пожароопасный период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы өрттің қауіпті кезеңінде орман қорларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Өрттің қауіпті кезеңіне байланысты, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 3 және 8-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 268 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Барлық нысандағы шаруашылық субьектілер басшылары өрт қауіптілігі кезеңі бойы өртке қарсы алдын алу іс-шараларды дер кезінде өткізуді қамтамасыз етуін; шаруашылық кәсіпорындары және тұрғындар орманда және орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындалуына шара колдану ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Федоров селосы мен селолык округтер әкімдері көктемгі дала жұмыстарын өткізу кезінде, өрт қауіптілігі кезеңі бойы, орман және дала өрттерінің шығуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Орман пайдаланушылар және басқа да шаруашылық субьектілер өрт қауіптілігі кезеңі бойы: аумақты өндірістік объектілерден 50 метр радиуста тез жанатын материалдардан тазартылған күйінде ұстау; жайылымдарды және егістік алқаптарды өртегенде Федоров ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлімінің рұқсаты бойынша ғана жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Федоров ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы (Нүриев О.Ж.) 2006 жылғы 10 мамырға дейін орман ішінде және орманға жақын орналасқан барлық меншік түрдегі кәсіпорындар, ұйымдар мен шаруашылықтарда өртке қарсы тексерулер жүргізу ұсынылсын; 2006 жылғы 10 мамырға дейін дала жұмыстарын өткізуде пайдаланылатын техникаларға қолданыстағы өрт сөндіру құралдарына өртке қарсы техникалық тексеру жүргізсін; барлық деңгейдегі басшылар өрт қауіпсіздігін бұзғандарға заңдарда белгіленген шара қолдансын.
Тармақ 5
5. "Федоров ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Кенжекеев М.М.) өрт қауіптілігі кезеңінде ормандарда өрт кауіпсіздігі мен санитарлық ережелерін сақталмауына байланысты құқық бұзушылық пен ормандарды өртеу фактілерінің алдын алу мен жолын кесуге бағытталған рейд өткізу, іс-шараларын ұйымдастыру ұсынылсын; Федоров ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бөлімімен бірге 2006 жылғы 20 сәуірге дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша үгіттеу-ақпараттық жұмыстарын өткізуді, өрттің қауіптілігін түсіндіру мен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тарту шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.С. Жақаевқа жүктелсін.