Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір - маусымында және казан - желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясынан өту кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Село, поселке және селолық округтер әкімдері аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына барынша ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін поселке, селоларда және селолық округтерде хабарлау және іздестіру топтарын құрып, оның құрамына әскери есеп стөлінің мамандарын, полицияның учаскелік инспекторларын және әскери комиссариаттың өкілін енгізсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (С.В. Шульгин - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) қажетті дәрігер мамандар және орта медицина қызметкерлерін қажетті мөлшерде бөлсін, сонымен қатар оларды қажетті медициналық құрал - саймандармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылуға жататын барлық азаматтар флюрографиялық тексеруден өтсін.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (В.Р. Дисенов - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 34 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласындағы жиналу пунктіне және кейін қайтуға көлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру кезеңіне келсім-шарт негізінде аудандық бюджет есебінен әскерге шақырушылардың жеке істерін ресімдеу үшін техникалық қызметкерлер алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 7
7. «Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Қ.А. Рысбаев - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру комиссиясынан өту кезеңінде шақыру пунктінде әскерге шақырылғандар арасында қогамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын сағат 9.00 ден 18.00 дейін бір полиция қызметкерін бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды аттандырғанда әскерге шақырылғандардың командаларының автобустарын Қостанай қаласындағы жиналу пунктіне ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (З.Ш.Төребаева - келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды "Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландырудың жоспарында көзделген бос қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 10 қазандағы № 339 "2005 жылдың қазаң-желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскери бөлімшелері мен әскери құрылымдарына кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (тіркеу № 9-7-18, аудандық "Әулиекөл" газетінде 2005 жылғы 4 қарашадағы № 45 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметұлына жүктелсін.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясы
Әкімдіктің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 140 қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясы
Дисенов Виктор Романович - қорғаныс істері бойынша бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Куанышбаев Болатхан Ахметұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Волкова Марина Вацлавовна - Әулиекөл аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы
Николаев Николай Семенович - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары
Ивасютина Ольга Анатольевна - Поликлиниканың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы
Басқа 21. Азаматтарды әскери қызметіне шақырудың өту кестесі
Әкімдіктің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 140 қаулысына 2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметіне шақырудың өту кестесі